{metadescription}
Семейдің бірқатар аудандары ауыз сусыз отыр
Семейдің бірқатар аудандары ауыз сусыз отыр

Семейдің бірқатар аудандары ауыз сусыз отыр

Семейде төтенше жағдай. Су құбырының кенеттен жарылуы салдарынан ондаған мыңнан аса қала тұрғыны тіршілік нәрінсіз қалды. Жөндеу жұмыстары үш тәулікке созылған. Ал екі бірдей ірі ықшамауданның тұрғындары болса шелек ұстап, су таситын көліктің жолын тосуда.

Несібелді Байсұлтанова, Семей қаласының тұрғыны:

-Сусыз өте қиын болып тұр әрине. Судың қажеті өте көп, көп нәрсеге қолданамыз, сондықтан біздерге қиын, әсіресе үлкен кісілірге, басшыларға ренішіміз көп, осының бәрін жазда қарау керек еді, ойластыру керек еді. Не үшін отыр олар.

Су таситын мұндай көліктер әр бір жарым сағат сайын келсе де, су жетпей жатыр. “Юность” ықшамауданының тұрғындары санаулы минуттарда-ақ тіршілік нәрін қолда бар кез-келген ыдыспен мүмкіндігінше тасып әкетеді. Іргелес қоныстанған Комсомольский елді мекенінде де дәл осындай жағдай. Барлығы 12 мыңдай адам сусыз қалды. Осының салдарынан жергілікті мектептерде оқу мерзімі қысқартылып, оқушылар үйлеріне қайтарылды. Ал мұндай жағдайдың қалыптасуына ірі апат себеп болыпты. Дәл темір жол астындағы су құбыры жарылып кеткен.

Владимир Гребельной, “Семейсуарнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басқарушысының көмекшісі:

-Жарылған тұсты анықтау қиын болды. Ал табылған соң бәрін ауыстыруға тура келді. 30 метр құбыр темір жолдың астында, бәрін сурып алуға мәжбүр болдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.