{metadescription}
Министрлік артиллериялық қондырғыларға кеткен шығынды өндіріп алмақшы
Астанада аты қазақша, заты израильдік «Семсер», «Айбат», «Найза» артиллериялық қондырғыларына қатысты дау-дамай қайта басталды. Қорғаныс министрлігі сапасыз деп танылған қару-жараққа кеткен шығынды өндіріп алуды көздеп отыр. Осы мақсатта министрлік 24 адамды сотқа берді. Араларында аталмыш іске қатысты жазасын өтеп жатқан Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов пен оның сыбайласы, Израиль азаматы Борис Шейнкман бар. Екеуі жыл басында 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Автор: Нұржан Сабырұлы
09.12.2010
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!