{metadescription}
0:000:00
Павлодар облысында жазасын өтеуші бес ай құлдықта болған

Павлодар облысында жазасын өтеуші бес ай құлдықта болған

Бес ай құлдықта! Павлодар облысында жазасын өтеуші жаз бойы түзеу мекемесі басшыларының қойын бағып, алақандай темір үйшікте тұрғанын айтып шағымдануда. Сотталған азамат тіпті көрген қорлығын бейнекамераға түсіріп, ғаламторға салыпты. Дегенмен бұл бейнетүсірілімді тиісті мекеме басшылығы «қолдан жасалған» деп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр.

Бұл кадрлерді Шідерті елдімекенінде жазасын өтеп жүрген Павлодар облысының тұрғыны Арыстан Бейсейітов ғаламторға салған. Ол 5 ай бойы колония басшылығының бұйрығы бойынша иен далада қой баққанын айтады.

Арыстан Бейсейітов, жазасын өтеуші:

- Қазіргі уақытта бұл жерде қадағалау қызметінің бастығы Мұхтар Дербисовтың 82 бас қойы, оның орынбасары Айтпаевтың 43 ешкісі, түзеу мекемесі бастығының 51 және депутат Өтегеновтың 175 бас қойын бағып жүрмін.

Сондай ақ жазасын өтеуші осы уақыт ішінде қаңыраған бос автобусты паналап, «мал қожайындарының әкелген азын аулақ тамағын қанағат еттім» дейді. Жергілікті құқық қорғаушылардың сөзінше, қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің бұл әрекеті барып тұрған шектен шығушылық.

Светлана Ковлягина, құқық қорғаушы:

- Жай ғана заңбұзушылық емес, нағыз қылмыс! Себебі әрбір адамның бостандығы жайында Конституцияда жазылған, ал бұл құлдықта ұстағанмен тең. Себебі мамыр айынан бастап ол темір үйшікте, тамақ үшін біреудің малын бағып жүрді.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл жағдай бойынша ішкі тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтады. Олардың сөзінше, колония басшылығында мал да, оны ұстайтын орын да жоқ. Ал бейнероликтегі қойлар Бейсейітовты мал бағуға жалдаған сол маңдағы фермерге тиесілі екен.

Әбділ-Нәсір Әлменов, Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы:

- Бұл жерде заңсыз әрекеттер орын тапқан жоқ. Өйткені келісім-шартқа отырған сол сотталғанның өзі, «Қобыланды» шаруа қожалығы, мекеме, үш жақты келісім-шарт. Болған жағдайда айлығы уақытында төленбеген.

Жазасын өтеуші Бейсейітов осыдан 6 жыл бұрын кісі зорлағаны үшін сотталған. Жақсы тәртібі үшін түзеу мекемесінің басшылығы оған жеңілдік жасап, Шідерті ауылындағы қоныс колониясына жіберген. Егер аталмыш бейнетүсірілімнің қолдан жасалғаны анықталса, ол тағы бірнеше жылға сотталуы мүмкін. Мұны енді тексеру жүргізетін прокуратура қызметкерлері анықтамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.