Щучье қаласында 14 жасар қыз өз-өзіне қол салды
Ақмола облысының Щучье қаласында 14 жасар қыз бала өз өзіне қол салды. Қаладағы №1 мектеп-гимназияның 9 сыныбында оқитын жеткіншек пәтеріндегі есіктің тұтқасына асылып қалған. Марқұм артында ешқандай хат қалдырмапты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.12.2010
Қайғылы оқиға орын алған күні ол анасы мен апасымен үйінде болыпты. Сабаққа әзірленіп жатқан жалғыз қызының ұзақ уақыт бойы бөлмесінен шықпағаны анасына ешқандай күдік туғызбаған. Диана Сәлімова оқыған мектеп-гимназияның мұғалімдері де аң-таң. Ал құрбыларының сөзінше, Диана қашан да көңілді, сыныптағы ең үздік оқушылардың бірі болған. Айта кетсек, бұл облыста соңғы екі айда өзін өлімге қиған 4-ші жасөспірім.
Татьяна Божко, мектеп психологы:
- Мен бұл сыныптың тәртібін өзім бақылап үнемі назарда ұстаймын. Өйткені онда менің де балам оқиды. Шамам келгенше балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеуге тырысам. Дианамен жеке талай кездесіп, сөзге тартқанмын. Бұл мен үшін күтпеген жағдай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!