{metadescription}
0:000:00
Алматыда бокстан IX халықаралық турнир!

Алматыда бокстан IX халықаралық турнир!

Алматыда Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы, Меңгерей Хайрутдиновты еске алуға арналған бокстан 9-халықаралық турнир өтуде. Жартылай финалдық жекпе-жектер, жарыстың ақтық сынында өнер көрсететін боксшылар жұбын анықтап берді. Биылғы жарыста Қазақстан, Куба, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Қырғызстан елінің боксшылары бақ сынауда.

Әйелдер арасында өткен жекпе-жектердің бірінде қарағандылық Дамира Мусина Ақмола облысының боксшысы Майра Темірхановадан айласын асырды. Ресейлік Зоя Исаева Тәжікстаннан келген Матлюба Каримовадан мықты боп шықты. Ал 2005 жылы әлем чемпионы атанған ресейлік Олеся Гладкова жерлесіміз Кристина Малевичтен басым түсті. Жалпы осы бәсекеге әр жылдары Әлем және Еуропа біріншіліктерінің жүлдегерлер қатарынан табылған спортшылар қатысуда. Ал ерлер арасында жартылай финалға 3 кубалық, 2 қытайлық боксшы қатысты, Тәжікстан мен Өзбекстан елінен бір-бір өкілден, ал қалған жас өрендер түгел Қазақстан намысын қорғауда.

Маусым нәтижесі бойынша Ұлттық баскетбол қауымдастығының бас бәйгесін иемденген клуб жыл сайын Ақ үйге бас сұғып шығатын дәстүр бар. Ескі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Дүниежүзіндегі ең күшті лиганың биылғы чемпионы “Лос-Анжелес -Лейкерсті” бүгін АҚШ президенті Барак Обама қабылдады.

Ақ үйдегі арнайы кездесуге баскетболшыларды айтпағанда клуб әкімшілігі мен қожайындары түгел келіпті. Осы жазда команда лидерлері Коби Брайант пен Поу Газольды қабылдаған Барак Обама жәй жүздесіп қана қоймай, атақты баскетболшылармен доп ойнауға да уақыт тапқан еді. Ал бүгінгі кездесудің жоспарынан біріккен жаттығуға орын тимепті. Дегенмен ойыншылар мен команданың бас жаттықтыуршысы Фил Джексонды чемпиондық атағымен құттықтаған, Барак Обама қошеметін аямады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің бас қаласы Абу-Дабиде футболдан клубаралық әлем чемпионаты жалғасуда. Плей-офф жүйесіне негізделген мундиальда жеті конфедерацияның чемпиондары түгел өнер көрсетті. Ширек финалдың бірінде Кариб теңізі бассейні және Солтүстік пен Орталық Америка конфедерациясының чемпионы мексикалық клуб “Пачука” 0:1 есебімен Африканың үздігі “Мазембеден” ұтылып қалды.

Мексикалық аяқдоп шеберлерін қапы қалдырған Конгоның “Мазембесі” алдағы жартылай сында Бразилияның “Интернасионалымен” кездеседі. Екінші жартылай финалдық жұпты УЕФА чемпионы “Интер” мен Азия футбол конфедерациясының жеңімпазы оңтүстіккореялық “Соннам Ильва Чунма” клубы құрады. Өз кезегінде Азия чемпиондары ширек финалдық бәсекеде Біріккен Араб Әмірліктерінің бетке ұстар командасы “Аль Вахдаға” ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп - 4:1. Клубаралық чемпионаттың ақтық бәсекесі 18 желтоқсанда өтеді.

Чилилік шахтерлер “Манчестер Юнайтед” клубына қонаққа келді. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың тамыз айында Чилиде 33 кенші жер астында қалып, арада 70 күн өткенде тас-түнектен дін аман құтқарылған еді.

Жантүршігерлік оқиғадан кейін Чилиге жолы түскен “Манчестер” ардагері Бобби Чарльтон кеншілерді “қызыл сойқандардың” кез-келген ойынын тамашалауға шақырған. Ал чилилік шахтерлердің таңдауы “Манчестер Юнайтед” пен Британияның 18 дүркін чемпионы “Арсенал” арасындағы матчқа түскен екен. Сапар барысында қонақтар “Манчестердің” жаттығуын тамашалап, сэр Алекс Фергюссон мен оның шәкірттерінен қолтаңбала алып, естелік суретке түсті. Танысу барысында кеншілердің бірі кезінде Чили құрамасында өнер көрсеткен футболшы болып шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде