Тұңғыш Президент қоры ұстаздар арасында байқау ұйымдастырды
Бүгін еліміздің Тұңғыш Президент қоры Алматы облысының Қарасай ауданында қызмет ететін үздік мұғалімдерді анықтауда. Байқауда 39 мектептен 250 ұстаз бақ сынап жатыр.
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
14.12.2010
Өзара білім сайысына түскендер қазақ тілі, информатика, математика, тарих, химия, биология және физика пәндерінің мұғалімдері. Ұстаздардың білімі мен біліктілігін еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарының мамандары саралады. Бүгінгі тест сұрақтарын құраған да солар. Сынақтың қорытындысы Тұңғыш Президент қорының сайтына ертең шығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылдың көктемінде өтетін ақтық сынға 40 ұстаз өтуі тиіс. Сегіз пән бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.
Еркін Исрайылов, Қарасай аудандық білім беру қорының президенті:
- Басқа қалаларға туристік саяхатқа баруға мүмкіншілік береді. Сондай-ақ сый мен марапат осы мұғалімдерге үлкен жігер береді деп ойлаймыз. Келесіде өзінің білім деңгейін жоғарылатуға талпыныс беріп, барлық жағынан тиімді болады деген сенімдеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!