{metadescription}
0:000:00
Елдің даму көрсеткіштерін қорытындылайтын кез келді

Елдің даму көрсеткіштерін қорытындылайтын кез келді

Жыл соңына қарай шенеуніктер әдеттегідей атқарған істерін түйіндеумен әлек. Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік ахуалы тұрақты дамып келеді. Енді сала өкілдері қалған мерзімді тиімді пайдалануға асығуда. Жаңа жылға дейін жүзеге аспай қалған жоспарларды орындау қажет.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:

- Биылғы жылы экономиканың өсу қарқындары өте жоғары. Енді өсім экономиканың өсім қарқынын тұрақты деңгейде сақтау үшін мемлекет алдында бірнеше үлкен міндеттер тұр.

Үлкен мақсат-міндеттердің қатарында экономиканы несиелендіру мен бизнесті сауықтыру бар. Бұл орайда рұқсат беру рәсімдерін тағы 30 пайызға қысқарту жоспарлануда. Сондай-ақ инвестициялардың көлемін ұлғайту көзделген. Алайда биыл бұл көрсеткіш бойынша ілгерушілік байқалмады. Бірақ Кеден Одағының дамуымен әттеген-айлар шешіледі деген үміт те жоқ емес. Халықтың әлеуметтік жағдайы өткен жылмен салыстырғанда жақсарған сыңайлы. Әйтеуір билік басындағылар есептерінде осыны көрсетуге тырысты. «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, елде 130 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек тауыпты. Ал ауыл шаруашылығы саласында көрсеткіштер әрқилы. Құрғақшылық салдарынан өсімдік өнімдерін өндіру көлемі 22 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы өндірісі біраз артты. Бүгінде жем қорының ахуалы алаңдаушылық туғызуда. Басында жоспарланған 114 мың тонна жемдік астықтың орнына бар болғаны 5 пайызы ғана сатып алынған. Жалпы, барлық басшылар алдында әлі де шешілмей тұрған мәселелер жетерлік. Сондықтан Үкімет басшысы әріптестерін алдағы мерекелерге көп алаңдамай, қызу еңбек етуге үндеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде