{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: 7 жасар оқушыны қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Ақтөбе: 7 жасар оқушыны қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде жеті жасар оқушыны көлігімен қағып кетіп, ізін жасырмақ болған жүргізуші ұсталды. Жүргізуші жарақат алған жеткіншекті ауруханаға апарамын деп көлігіне салып, орта жолда сайға лақтырып кеткен.

Оқиға былай өрбіген: 1-сынып оқушысы Нұрай Бекмағанбетова сабақтан соң үйінің жанындағы аялдамада автобустан түседі. Үлкендерге ілесіп жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан кезде оны қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып кетеді. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші тоқтап, сол бойда оны машинасына салып алған. Аялдамада тұрған адамдар Нұрайдың сөмкесі мен заттарын да салысуға көмектесіпті. Бірақ жүргізуші қызды ауруханаға жеткізбей, жол бойындағы сайға лақтырып кеткен. Оны тауып алған екі оқушы қыз дереу күнделігіндегі анықтама бойынша ата-анасына хабар беріп, жедел жәрдем шақыртыпты. Бірақ, өкінішке қарай, бала қайтыс болды. Қазір қызды қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Ол бұрын сотталған 44 жастағы ақтөбелік екен. Күдікті қансырап жатқан Нұрайды «қорыққанымнан лақтырып кеттім» деп отыр.

Талғат Батырғарин, Ақтөбе облыстық ІІД анықтау бөлімінің аға лейтенанты:

- «Қорқып тастап кеттім» деп айтты. Сұрадым: «тастағанда жаны болды ма?» деп. «Иә, көзін ашып тұрды» дейді. Бірақ, «тұрды» деп өтірік айтып тұрған шығар. Қойып, кетіп қалған ғой, баланы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.