{metadescription}
0:000:00
ОҚО: Қазығұртта жол көлік апатынан 8 адам қаза болды

ОҚО: Қазығұртта жол көлік апатынан 8 адам қаза болды

Тойдан шығып ажал құшты. Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында жол апатынан 8 адам қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, “Опель” жеңіл көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Камаз жүк көлігімен соқтығысқан. Марқұм болғандар - тойдан қайтып бара жатқан 21-26 жас аралығындағы қыз-жігіттер.

Жол-көлік апаты Алматы-Ташкент тасжолының 766-ыншы шақырымында орын алды. Жолдың осы бөлігіндегі қозғалыс екіге бөлінгенімен, куәгерлердің айтуына қарағанда қарсы бағытқа шығып кеткен «Опель» маркалы жеңіл көлік «Камазбен» соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл көлікте отырған сегіз адамның 7-уі оқиға орнында қаза болды.

Оқиға түнгі сағат 3-те Қазығұрт ауданында орын алған. Қатты соққыдан тас- талқаны шыққан «Опельдің» ішіндегі мәйіттерді алып шығу үшін бір сағатқа жуық уақыт кетіпті. Сол кезде құтқарушылар жеңіл көліктегі бір жолаушының әлі тірі екенін байқаған. Жараланған азамат жедел түрде Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.

Нұрлан Ағзамов, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының дәрігер-реаниматологы:

- Біз хирургтармен бірге қолдан келген барлық көмекті жасадық. Бірақ, науқастың жарақаты өміріне сәйкес болмағандықтан, өкінішке қарай, науқас қайтыс болды.

Жеңіл көліктің ішінде 21-26 жас аралығындағы қыз-жігіттер болған. Бәрі де Қазығұрт ауданындағы Қаржан ауылының тұрғындары. Сол түні бәрі тойдан шығып үйлеріне қайтып бара жатқан. Камаз жүргізушісінің айтуынша, “Опель” оған қарама-қарсы келіпті. Жүк көлігінің иесі оларға бірнеше рет белгі берген.

Камаз” көлігінің жүргізушісі:

- Олар қатты жылдамдықпен келе жатты. Мен сасқалақтамай, апатты болдырмау үшін сол жаққа алдым, оң жағымда жар бар еді, ол жаққа кете алмаймын. Сол қанатыма алып жақындаған кезде ол оңға қарай маған бұрды. Сөйтіп соқтығыс болды.

Оқиға себебін анықтап жатқан жол полициясының қызметкерлері де апат қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен болды деп болжап отыр. Оған қоса “Опель” көлігінде ережеге сәйкес 5 адам емес, 8 адам болған. Қазір аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат орын алған кезде “Опель” жүргізушісінің көлікті қандай жағдайда жүргізгені сараптама қорытындысынан соң белгілі болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде