Қарағандылық дизайнер металл сымнан ерекше шыршалар жасады
Қарағандылық дизайнер Наталья Пузырина жаңа жылға ерекше шырша түрлерін дайындауда. Оның қолынан шыққан шыршалар кәдімгі құрылыста қолданылатын металл сымнан жасалған.
Автор: Бекзат Жүсіп
21.12.2010
Наталья қолына түскен металл сымды әп-сәтте жаңажылдық шыршаға айналдырады. Шебердің сүйікті ісімен айналысып келе жатқанына бірнеше жыл болыпты. Шыршалардың әрқайсысы ерекше, бір-біріне ұқсамайды.
Наталья Пузырина, дизайнер:
- Сыммен қалаған нәрсеңді жасауға балады. Ол аса қатты да емес, жұмсақ та емес.
Дегенмен шыршаны сымнан жасаудың да машақаты оңай емес. Тікені қолды тіліп кетуі мүмкін. Ал желім ретінде пайдаланатын балқыған силиконды қолдану кезінде «талай рет қолымды күйдіріп алдым» дейді Наталья. Оның сөзінше, нағыз жаңажылдық шырша жасыл емес, қар сияқты жарқырап тұруы керек. Сондықтан шебер тек алтын мен күміс түстерді ғана қолданады.
Наталья Пузырина, дизайнер:
- Маған стильді безендірілген шыршалар қатты ұнайды. Мәселен, мына жерін ойып алып атстап, орнына моншақ тағуға болады.
Наталья Пузырина тұрмыста жарамсыз болып қалған кез-келген затты пайдасына жаратады. «Ең бастысы - ой-қиялдың жүйрік болуы керек» - дейді автор. Тіпті жұлдызшалардың қамырдан істелгенін ажырату қиын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!