Минскіде наразылық білдірген 600 адам қамауға алынды
Беларусьте жексенбіде өткен президент сайлауынан кейін 4-ші мәрте жеңіске жеткен Александр Лукашенкоға қарсы наразылық шарасына қатысушылар саны күн сайын көбейіп барады. Бүгін Минскіде тәртіп сақшылары көшеге шыққан 600 адамды қамауға алды.
Автор: Дастан Шымырбай
21.12.2010
Жергілікті соттың шешімімен бүгін олардың 580-і қамауға алынған. Оларға рұқсатсыз наразылық шарасына қатысты деген айып тағылды. Сондай-ақ сайлау кезінде де көшеге шыққан тағы 600 белсенді қамауға алынып, олардың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Беларусьтегі бұл жағдайдан кейін АҚШ пен ЕҚЫҰ бақылаушылары сайлау қорытындысын «әділетсіз» деп танып, қамаудағыларды босатуды талап етуде. Ал сайлауда 80 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен Александр Лукашенко: «Жағдай уақыт өте реттеледі» - деп мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!