{metadescription}
0:000:00
Елімізде болашақ педиатрлар сапасыз білім алуда

Елімізде болашақ педиатрлар сапасыз білім алуда

Елімізде біліксіз педиатрлар оқытылуда! Тәжірибелі мамандар болашақ балалар дәрігерлеріне сапасыз білім беріліп жатыр деп есептейді. Оған еліміздің медициналық жоғары оқу орындарындағы арнайы педиатрия факультеттерінің төрт жыл бұрын жабылғаны себеп. «Бес жылдан кейін жаңа жүйемен оқып келген жас кадрлар балалар арасындағы өлімнің артуына себеп болуы мүмкін», - дейді ақ халаттылар. Ал денсаулық сақтау министрлігі басқа пікірде.

Педиатрия саласында жарты ғасырдан астам уақыт тәжирибесі бар белгілі дәрігер Камал Ормантаев палаталарды күнделікті аралап, әрбір науқастың жағдайын жеке бақылауда ұстайды. Білікті маман бұл жұмысын дағдыға айналдырған. Бірақ ол: «Орнымды басатын дәрігерлер жоқтың қасы» - деп қынжылады.

Камал Ормантаев, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі:

- Мысалы, III курста балалардың ерекшелігін оқу керек. Қандай бала туғанда қандай органдары болу керек, қайсысы өседі, соны оқытпаған. Бағдарлама Денсаулық министрлігінде шығарылады. Олар адамды емдемеген, жай теоретиктер. Бағдарламаны жібереді, біз орындауымыз керек.

Еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттерінің жабылғанына төрт жыл болған. Сол кезде оқуға түскендер жаңа жүйе бойынша тағы бес жыл оқиды. Жалпысы – 9 жыл. Алғашқы алты жылында медицина туралы жалпы түсінік берілсе, қалған мерзімде ғана мамандыққа баулиды екен. «Ал факультет жұмыс істеп тұрғанда студенттер алты жыл бойы бір саланы бүге-шігесіне дейін меңгеріп шығатын» - дейді дәрігерлер.

Гүлмира Сұлтанқұлова, медицина ғылымының кандидаты:

- Биыл IV курста бірінші рет келеді. Олар баламен қалай айналысу керектігін білмейді. Қалай сырқатнаманы толтыруды, анализ жинауды, қалай жұмыс істеуді, ата-анасымен сөйлесуді білмейді. Анатомиялық, физиологиялық ерекшелігін білмейтін маман келешекте балаларды емдейді?

«Онсыз да кадр мәселесі ақсап жатқан бұл салаға енді біліксіз мамандардың келуі тіптен әлсіретеді» - дейді мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің арасында ем қонуы қиын аурулар көбейіп кеткен. Бала өлімі де бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда бірнеше есеге өсіпті.

Қамал Ормантаев, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі:

- Балалардың өлімін азайту үшін, денсаулығын дұрыстау үшін бізге балалар дәрігерлігін қайта ашу керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «бұлайша дабыл қағудың реті жоқ» деп отыр. Олардың ойынша, жаңа технология бұрынғыға қарағанда әлдеқайда тиімді.

Нұргүл Хамзина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры:

- Мұндай шағымдарды айтуға негіз жоқ. Педиатрия деген мамандық бұрынғыдай бар, педиатрлар жойылып кетпейді. Тек оларды оқытудың әрбір кезеңіне оңтайлы өзгерістер енгізілді.

«Медицинадағы осындай реформалар балалардың денсаулығына кері әсер етпесе болғаны» - дейді қарсы дау айтушылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.