{metadescription}
Семейде кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды
Семейде кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

Семейде кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

Семейде кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды. Түнде Исағали Омаралиновтың үйіне бетперде киген бір топ адам баса-көктеп кіріп, кәсіпкер мен отбасының мүшелеріне қоққан-лоққы көрсеткен. Абырой болғанда үйдегілердің бәрі аман қалды.

Исағали Омаралинов – қаладағы белді кәсіпкерлердің бірі. Ойын-сауық орталығы мен демалыс базарларының иесі. Қарақшылардан әрең аман құтылған кәсіпкердің денесінен үтіктің ізі мен тағы да басқа жарақаттары анық көрінеді. Қару-жарақ асынған жеті адам одан ақша талап еткен. Айтқанын орындамаған соң, қаскөйлер оның әйелі мен жеті жасар немересін оның көзінше ұруға кіріскен. Ал қалған отбасы мүшелерін көрші бөлмеге қамап қойған.

Индира Омаралинова, келіні:

- Екеуі есікті жауып алып, бізді шығармай тұрды. «Айқайласаңдар - өлтіреміз!» - деді.

Қылқындырғаннан кейін есінен танып, еденге сұлап түскен Исағали Омаралиновты көрген қылмыскерлер іздерін суытқан. Ал кәсіпкер бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Владимир Чайко, Семей қалалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Денесі бірнеше жерден күйіп қалған. Қабырғасы сынып, миы шайқалған.

Асқан қатыгездікпен жасалған қылмысты тергеуге Семейге облыс орталығынан мамандар жіберілді. Әзірге бетперде киген қаскөйлердің кәсіпкердің үйіне қалай кіргені ғана белгілі. Олар қақпадан секіріп, терезені бұзып, екінші қабаттағы үй иесінің бөлмесі арқылы өткен.

Мират Енікеев, Семей қалалық ІІБ ақпарат бөлімінің инспекторы:

- Семейлік полицейлер дәл мұндай жауыздықпен жасалған қылмысты «тұңғыш кездестіруіміз» дейді. Ал зардап шеккендер қылмыскерлер ұсталмайынша, тыныш таппаймыз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.