{metadescription}
0:000:00
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті былыққа белшесінен батқан

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті былыққа белшесінен батқан

Ұлы Абайдың аты берілген Қазақ ұлттық педагогикалық университеті былыққа белшесінен батты. Білім шаңырағында жең ұшына жалғасқан жемқорлық, тамыр-таныс, жершілдік кең етек алып кеткен. Бүгін аталмыш оқу орнының ұстазы осындай мәлімдеме жасады. Бірнеше мысал келтірген Сағадат Әділбеков құқықтарының аяқ асты болып отырғанын айтады. Ал оқу орны басшылығы: «мұның барлығы жалған, дәйексіз әңгіме» деп отыр.

Сағадат Әділбеков Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің журналистика бөлімінде тәлім береді. Тәжірибелі ұстаз: «Соңғы уақытта оқу орнында жемқорлық кең етек жайды», - дейді. Сәйкесінше, білім сапасы да төмендеген. Оған мысал: арнайы тест арқылы жақында студенттердің білімі тексеріліпті. 30 пайызы ғана сыннан сүрінбей өтіп, қалған 70 пайызы құлаған. «Мұның соңы ұстаздардан ақша жинаумен аяқталды», - дейді ашынған ұстаз.

Сағадат Әділбеков, Саяси ғылымдардың кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы:

- 30-35 пайызды 100-ге жеткізу үшін ректор: «ақша жинаңдар» деді. Әр мұғалімнен мың теңгеден. Бізде бас аяғы мың мұғалім бар, сонда бір миллион теңге жинап отыр.

Сондай-ақ университетте ректордың тамыр-танысының, жерлесінің айы оңынан туып тұрған көрінеді. Тіпті ғылым докторы болу да оңайлап кеткен. Ал оқу орнындағы диссертациялық кеңестің төрайымы Дана Медеуованың өзі докторлық еңбегін орыс ғалымдарынан «айна-қатесіз көшіріп алған» дейді Сағадат Әділбеков.

Сағадат Әділбеков, Саяси ғылымдардың кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы:

- 25 жасында докторлық қорғап отыр. Көріп отырсақ, онда 8 бетін орыс ғалымының еңбегінен көшіріп алған, үтір-нүктесіне дейін, бір сөз қалдырмай.

Мән-жәйді білмек болып университет ректоры Серік Пірәлиевке бардық. Алайда басшы орнында болмады. Ал қосшылары бұл мәлімдеменің бәрі «қып-қызыл өтірік» деп отыр.

Раушанбек Әбсаттаров, Абай атындағы ҚазҰПУ диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары:

- «Жемқорлық біздің университетте соңғы кезде күшейіп кетті» деген шындыққа сәйкес келмейді. Мен толық айта аламын, бұл - өтірік. Мен білмеймін, естіген жоқпын. Ақшаны өзімнен жинаған жоқ. Менің кафедрамнан да жинаған жоқ.

Раушанбек Әбсаттаров әріптесінің бұлай мәлімдеме жасауына итермелеген «басқа жағдай» дейді. Айтуынша, Сағадат Әділбеков белгіленген ережеге қарамай, екі-үш айдың көлемінде ғылым докторы атағын қорғамақ болыпты. Келіспеген әріптестеріне ренжіген ісі көрінеді.

Дегенмен Сағадат Әділбеков әділдік орнамайынша, алған бағытынан қайтпайтындығын айтады. «Тіпті қызметімнен қуылсам да, оқу орнындағы жемқорлықты дәлелдеймін» - деп бел буып отыр ұстаз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде