{metadescription}
0:000:00
Елбасы бизнес өкілдерін  тынымсыз тексерумен  мазалауды тоқтатуды тапсырды

Елбасы бизнес өкілдерін тынымсыз тексерумен мазалауды тоқтатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына бизнес өкілдерін тынымсыз тексерумен мазалауды тоқтатуды тапсырды. Президент бұл тапсырманы кәсіпкерлермен болған кездесуде, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қаржы полициясы басшыларына жеке-жеке айтты.

Елбасы өз сөзін өткен 19 жыл ішінде бизнес өкілдеріне қолдау көрсетумен келе жатқанынан бастады. Соның нәтижесінде 4 мыңға тарта тексеру рәсімдерінің небәрі 30 шақтысын ғана қалдырғанын айтады. «Алайда құқық қорғау органдары осындай шараларға қарамастан, әйтеуір тексеру жүргізудің жолын тауып жатыр» - деді Елбасы. Себебі, Президентке интернет арқылы соңғы 10 ай ішінде екі мыңға тарта кәсіпкер құқықтарының бұзылғанын айтып шағымданса, олардың жартысына жуығын бақылаушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған. Елбасы осындай 24 қызметкердің жұмыстан қуылғанын айтып, тіпті олардың кейбірінің есімдерін де атап та өтті. Кәсіпкерлерге рейдерлік қысым жасағандар ішінде Ақмола облысының Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Әлібаев, аталмыш органның тергеу басқармасынның бастығы Ауғанбаев деген азаматтар бар. «Кәсіпкерлердің ісінде прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің не шаруасы барын түсінбеймін» деген президент: «олар тек қарындарын тегін тамақпен тойдыруды көздейді» деп сынға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тексеріс жүргізуге тек салық комитетіне ғана рұқсат етіледі. Оның өзінде, салық заңнамасы бұзылғанда және жоспармен белгіленген уақыттарда ғана. Сондықтан да өздеріңнің жергілікті бөлімдегілеріңе тапсырма беріңдер: бизнеске негізсіз кіруге тыйым салсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде