Гродикова ауылындағы жер үйде пиротехника жарылды
Жамбыл облысына қарасты Гродикова ауылындағы жер үйлердің бірінде пиротехника жарылып, 25 жастағы жігіт жараланды. Үй иесі отшашудың қызығына беріліп, қауіпсіздік ережені есінен шығарыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, үйдің тіреуі қирап төбесі ортасына түскен. Денесінің 25 пайызын күйік шалған азаматқа дәрігерлік көмек уақытында көрсетіліпті. Қазір ол Тараз қаласындағы ауруханада жатыр. Полиция жарылыстың нақты себептерін анықтауда. Алдын ала болжамдарға қарағанда, жігіт қытайлық пиротехниканы қолдан жасамақ болған көрінеді.
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
22.12.2010
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!