Астанада еліміздің жаңажылдық шырша мерекесі өтті
Қазақстандық балалар Елбасының құттықтауын қабылдады. Бүгін Астанада еліміздің жаңажылдық шыршасы өтті.
Автор: Әлия Нұрлан
24.12.2010
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Барынша жақсы оқып, сапалы білім алып, туған Отанымызды сүйетін, үлгісі ісіменен ел келешегіне үлес қосатын үлкен азамат болыңдар!
Көңілді мерекеге әдеттегідей табысы төмен отбасылардан шыққандар мен интернат тәрбиеленушілері шақырылды. Бүлдіршіндер үшін жаңа жыл ең сүйікті мереке. Дәл осы күні олар ғажайып ертегі әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алады. Өлеңдерін жаттап келген балғындар ең әсем киімдерін киіп, Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетуге асықты. Қазіргі заман кейіпкерлері де кешке қонақ болды. Соның ішінде алдағы Азиада белгісі -Барыс та бар. Бір айтары, өскелең ұрпақ арасында полиция және әскери қызметкерлердің беделі өскен көрінеді. Кейбір ер балалар өздеріне осындай бейнені таңдапты. Жеткіншектер Елбасына қосылып, салмақты тілек білдіріп жатты.
Аман Бүкшин, Астанадағы кәмелетке толмаған балаларға арналған мекеменің тәрбиеленушісі:
- Менің балаларға айтатын тілегім: сабақтарын 5-ке оқысын, ата-анасының жанында жайлы болсын. Апайың ұрыспасын және де бақыт тілеймін!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!