{metadescription}
0:000:00
Асхат Житкеев - дзюдодан ерлер құрама командасының  бас жаттықтырушысы!

Асхат Житкеев - дзюдодан ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы!

Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Ал бұған дейін ерлер құрамасын баптап келген Ербол Қырғызбаев еліміздің әйелдер құрама командасының тізгінін ұстады.

Бұл жаңалықтар ҚР Туризм және спорт министрілігінің дзюдодан ұлттық құраманың жазғы Азиададағы өнерін талқылауға арналған жылдың қорытынды мәжілісінде жарияланды. Жаңадан тағайындалған жаттықтырушыларға алда күтіп тұрған аса маңызды жарыстар мен төртжылдықтың басты додасы - 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысты үлкен міндеттер жүктелді.

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан кезекті “Гран-при” додасы мәресіне жетті. Бұл жолы Ресей құрамасының балуандары өзгелерден мықты шықты.

Финалдық белдесуде кытайлық дзюдошы Ли Мао Цзянды ұтқан ресейлік Сиразиддин Магомедов 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир жеңімпазы атанды. Оның командалас әріптестері Кирилл Денисов пен Сергей САмойлович те алтыннан алқа тақты. Аса ауыр салмақта “Гран-придің” бас бәйгесі Израиль палуаны Ислам Эль Шехабидің еншісіне тиді. Ол ақтық жекпе-жекте бразилиялық шебер Эрнандеске дес бермеді. Әйелдер арасындағы финалдық бәсекелерде Прискилла Гнето (Франция), Рина Косава (Жапония), Линда Болдер (Нидерланды) , және Қытай құрамасының өкілдері Ян Сю Ли мен Ю Сон тұғыр төріне көтерілді.

2011-жылғы «Дакар –ралли» додасына қатысатын автокөліктер Аргентинаға ағылуда. Буэнос-Айрестің солтүстігінде орналасқан Лима қаласында алдағы автомотододаға қатысатан көліктердің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

Дәстүрлі раллидің Африкадан Оңтүстік Америкаға қоныс аударғанына да үш жылдың жүзі болып қалыпты. Осымен 33-мәрте өткізілетін жарыста бақ сынауға ниет білдірген экипаждардың саны, 400-ден асып жығылады. Лимадағы көрмеден кейін ралли-марафонға қатысушылар Аргентина астанасы, Буэнос-Айресті бетке алады. Содан жаңа жылдың алғашқы күні сап түзеген 415 экипаж Аргентина мен Чили арқылы өрбитін 9500 шақырымдық жарыс жолына аттанады. Тура он алты күнге созылатын дәстүрлі ралли-рейд Буэнос-Айресте мәресіне жетпек. Биылғы додаға біз де үлкен үмітпен қарайтын боламыз. Өйткені тұңғыш рет Дакар-раллиде Қазақстан атынан Камаз мінген “Астана” командасының экипажы қатысқалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.