{metadescription}
0:000:00
Шымкент: учаскелік полиция инспекторы “Айбын” орденімен марапатталды

Шымкент: учаскелік полиция инспекторы “Айбын” орденімен марапатталды

Шымкентте полиция қызметкері жоғары марапатқа ие болды. Бойжеткенді оқтан арашалаймын деп жараланған учаскелік инспектор Тұрар Артықбаевтың ерлігін бүкіл халық жоғары бағалады, ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оны “Айбын” орденімен марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойды.

Осыдан тура бір жыл бұрын Шымкент қаласының тұрғыны қыр соңынан қалмай, ғашық болған 50 жастағы ер азаматтың қоқан-лоққы көрсеткенін айтып, полицияға шағымданған еді. Ғашық жігіт қызды кезекті рет шақырғанда 21 жастағы бойжеткенмен бірге кездесуге учаскелік инспектор Тұрар Артықбаев та барған. Алайда кездесуге өзімен бірге шолақ мылтығын ала келген ашулы азамат қызға қарай оқ атқан. Сол жерде ауыр жарақат алған полиция қызметкері бірнеше ай бойы ауруханада жатты. Осы ерлігі үшін учаскелік инспектор “Айбын” орденіне лайық деп танылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде