{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде жалғызбасты мүгедек ана төрт баласынан бас тартпақшы

Ақтөбеде жалғызбасты мүгедек ана төрт баласынан бас тартпақшы

Баласынан безген ана... Ақтөбеде жалғызбасты мүгедек әйел туған балаларын жетімдер үйіне өткізбекші. «Өйткені ұл-қыздарымды асырауға жағдайым жоқ», - дейді. Бірнеше жылдан бері Майдагүл Жинашова төрт баласымен бірге жатақхананың жуынатын бөлмесін паналап отыр.

Ақтөбелік ашынған ананы “безбүйрек, көкек ана” деп сөкпейді, ешкім. Бұрын жатақхана тұрғындарының жуынатын орны болған жерде қазір Майдагүл Жинашова төрт баласымен жалдап тұрып жатыр. Қапырық ауа мен ылғалға қоса мұндағы иіс қолқаны қабады. Бірақ «төрт баламның төсегі бүтін» деп шүкір еткен шарасыз ана енді тентіреп қалды.

Майдагүл Жинашова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қызым сабаққа да бармайды, ақша жоқ, жүріп-тұруына. Адамдардан көмек сұрайын деп едім, әбден титықтадым. Үйіме келгім де келмейді, өйткені қожайын төрт баламмен бірге үйімнен қуып жібереді. Қай жаққа барамын?

Жылай-жылай жанарындағы жасы суалған Майдагүлдің кенжесі бір жарым жаста. Ал ересек қызы 5-ші сыныпта оқиды. Жолақыға берер ақшасы қалмаған соң, Нұрсұлу екі аптадан бері мектеп партасын көрмеді. Туғаннан ішер асқа жарымаған ол Аяз атадан бал-кәмпит емес, басқа нәрсе сұрайды.

Нұрсұлу Жинашова, М. Жинашованың қызы:

- Аяз атадан үлкен үй сұрар едім, сосын...

Майдагүл Жинашованың тұңғышы оқитын №36 мектептің ұжымы бұл отбасыға осы күнге дейін болысып келеді. Өз қалталарынан Нұрсұлудың жолақысын да төлеп отырған. Енді ұстаздар «төрт бала анасының бауырынан ажырап қалмаса екен» деп тілейді.

Әйгерім Шалқарқызы, Ақтөбедегі №36 орта мектептің мұғалімі:

- Баласы анасымен бірге болғаны дұрыс қой. Бірақ анасының енді тұрмыс жағдайы нашар. Оған мектеп тарапынан жағдай жасалып жатқан сияқты. Бірақ басқа да жағдайлар жасалу керек.

Ал шенеуніктер болса, “мүгедек әйелді үй кезегіне қоймаймыз, анасынан қалған пәтері бар” дейді. Ал оны туыстарымен теңдей бөлу үшін сотқа жүгіну қажет. Арыздануға қажет 20 мың теңгені Майдагүл қол жайып, кімнен сұрарын білмейді.

Күлпаршын Айдарханова, Ақтөбе облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:

- Енді келіп жатса, өзіміздің жағымыздан барлық жағдайды жасап, жәрдем беруге тырысамыз. Шыршаға шақырамыз, ертең болайын деп жатыр. Қазір өзіміздің маманды жіберімін, машинамен, барып, қарап келеді.

Балалар құқығын қорғау департаменті мамандарының не тындыратынын уақыт көрсетеді. Олар әзірге Майдагүлдің пәтер бөлісіне қатысты құқығын «сотта қорғаймыз» деп уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.