{metadescription}
0:000:00
2010 жыл еліміз үшін табиғаттың дүлей мінезімен есте қалды

2010 жыл еліміз үшін табиғаттың дүлей мінезімен есте қалды

Биылғы жыл еліміз үшін табиғаттың дүлей мінезімен есте қалды. Ең әуелі қысы қаhарлы қаңтарда-ақ шығыс өңірі шырғалаңға түсті. Қалың қар мен үздіксіз соққан қарлы боран мыңдаған жолаушыны жолда қалдырды. Ақ ұлпаның қалыңдығы рекордтық деңгейге жетті. Шүкір, бұл аймақта адам өлімі тіркелмеді. Бірақ мал шығыны көп болды. Қорадағы санаулы ірі қарасынан айырылу қарапайым ауыл тұрғындары үшін ауыр тиді. Жыл басынан-ақ табиғаттың тосын мінез танытуы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқыс оқиғаларға дайын еместігін де байқатты. Ақыры көктемгі топан су апаттың шарықтау шегіне жеткізді. Алматы...

лысына қарасты Қызылағаш ауылын түгелдей су шайып, 45 адам ажал құшты. Билік жыл бойы осы апаттардың зардабын жоюмен келеді. Су шайып кеткен үйлердің орнына жаңа баспаналар бой көтерді. Әйткенмен Қызылағаш қырғынына кінәлі деп айыпталғандарға қатысты сот отырысы әлі аяқталған жоқ.

Биыл еліміздің көптеген аймақтары саршұнақ аяз бен бораннан көз ашпады. Соның салдарынан тас жолдарда көлік қатынасы амалсыз тоқтатылды. Ал ескертуді елемей сапарға шығып кеткендер қар құрсауында қалып, қауіпті жағдайлар туындады. Мәселен Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз-Үшарал, Тарбағатай, Зайсан аумақтарында мыңдаған жолаушы бірнеше тәулік бойы боранмен арпалысты.

Ақ түтек боранда далада қалған жолаушыларға екі аптаға жуық уақыт еш көмек көрсетілмеген. Сырттан жәрдем жетпегендіктен, жолаушылар тас жолдағы қарды өз күшімен аршып, Өскеменге қарай баяу жылжуға тәуекел еткен. Сондай-ақ Зайсан ауданы маңында жүзден аса адам бірнеше күн бойы жолда тұрды.

Мәулен Түсіпов, Семей қаласының тұрғыны:

- Қатты қорықтық. Енді қайда барамыз? Бір машинаның ішінде жеті адамнан бүрсиіп отырдық.

Ұзаққа созылған қытымыр қыстың кәрі қайтып, күн жылыды. Әйткенмен ол солтүстік және шығыс қазақстандықтар үшін жақсылық әкелген жоқ. Енді елді мекендерді топан су басып, тұрғындар тағы да әбірге түсті.

Оралтай Таласбаева, Тарбағатай ауданының тұрғыны:

- Ағын су келген кезде есіміз шықты. Бізге ешкім көмектескен жоқ. Өз күшімізбен жеттік, ақша да Отөледік.

Ал Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының тұрғындарына бір түнде зобалаң тиді. Мұнда ескі бөгет жарылып, 42 млн текше метр су түн ортасы ауа ауылға қарай ағылды. Көмек күші тек таң ата жеткенде бәрі кеш еді. Тұрғындар 45 адамнан айырылды.

Қызылағаш ауылының тұрғыны:

- Мұны ертерек айтуға болар еді ғой.,суды уақытында ағызуға болар еді ғой. Осының себебінен халық қиыншылыққа ұшырады.

Талға ілініп қалған жаулық, балшыққа иленген сәбидің киімі, төңкерілген көліктер - апаттың қаншалықты күшті болғанын айғақтайды.

Жан сауғалап жан-жаққа шашырап кеткен ауыл тұрғындары туған туыстарын іздеп, бірнеше күн шарқ ұрды.

Баян Оңғарбекова, Қызылағаш ауылының тұрғыны:

- Бес адам. Оңғарбаева Майра моргта, жерледім. Оңғарбаев Әуесхан жоқ. Оңғарбаева Жанар, оны да моргтан тауып жерледік. Бағдатұлы Ернатты да жерледік. Сонымен барлығы бір ұл, бір немересі мен менің әкем жоқ.

Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметіне салғырттық танытқан деген айыптармен 7 адам қамауға алынды. Олардың арасында аталған ауылдық округтің әкімі Есет Жүнісов және Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Евгений Енин және су қоймасының қожайындары бар.

Қуанышбек Жұманов, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Осы істі ІІМ тергеу комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес, өндіріске алды.

Қираған 465 үйдің тұрғындары алғашында қосындарда тұрып, ортақ қазаннан тамақ ішті. Тек екі айдан соң ғана алғашқы баспаналар пайдалануға берілді.

Атышулы Қызылағаш оқиғасына қатысты істі тамызда Талдықорған гарнизоны бойынша әскери соты қарады. Бұл кезде 45 адамның өмірі қиылған қайғылы оқиға бойынша айып тағылған 7 адам үй қамауына ауыстырылған еді. Соттың мұндай шешімі жәбірленушілердің ашу-ызасын туғызды.

Аман Айтжанұлы апат болған күні көлікпен келе жатып, тасқын судың астында қалған. Ол қасында болған ата-анасын құтқарып қала алмағанына әлі күнге дейін өкінеді.

Аман Айтжанұлы, Қызылағаш ауылының тұрғыны:

- Әкем «балаларым мына жаққа жиналыңдар» деді, машина қырымен кеткенде, су мына жаққа көтереді. Машинаның ішінде 76 жылғы бауырым, мен қарындасым болды. Сөйтіп отырғанда шешем үндемейді, әкем басын ұстап отыр...сонда түсіндім, әкем мен шешемнен айырылғанымды...

Қызылағаштағы оқиғаға қатысты іс әлі қаралып жатыр. Көпшілігі айыпталушылар «әділ жазасын алмайтын болса, өз қолымызбан жазалаймыз» дегенді айтып отыр.

Әзірге жәбірленуші 700 адамның бәрі тыңдалып болды. Енді ақталу кезегі айыпталушыларға жетті. Жалпы Барыс жылы орын алған аталмыш апаттардың салдарын жою үшін қазынадан 16 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалса, оның 7 жарым миллиарды тек Қызылағашқа кетіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде