{metadescription}
0:000:00
Е.Ертісбаев: Елбасы референдум өткізуге қарсы болмайды

Е.Ертісбаев: Елбасы референдум өткізуге қарсы болмайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту үшін референдум өткізуге қарсы болмайды. Президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев бүгін осылай деп мәлімдеді. Ол, тіпті, бүкілхалықтық референдум 2011 жылдың алғашқы тоқсанында өтуі мүмкін екендігін де жасырмады.

Ермұхамет Ертісбаевтың ойынша, бастамашыл топтың референдум өткізуге қажетті қол жинайтынына еш күмән жоқ. “Оның үстіне Орталық сайлау комиссиясы аталмыш ұсынысты тіркеп, алғы шараларын да жасап жатыр, сондықтан референдум болады ”, - деді ол. Ертісбаев сондай-ақ аталмыш референдумның «сайлаудан алып бара жатқан айырмашылығы жоқ» деп есептейді. Яғни референдумға келген азаматтарға ұсынылатын кандидатураны жақтап, не қарсы дауыс беру құқығы беріледі. Ал Президенттің денсаулығы жөніндегі мәселеге қатысты, кеңесшісі оның ел басқаруға әлі көп мүмкіндігі барын айтады.

Ермұхамет Ертысбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Мен жақында ғана Елбасымен кездестім. Өзін өте жақсы, әрі сенімді сезінетінін байқадым. Сондықтан да Елбасы алдағы 10 жылда тек елді басқарып қана қоймай, басты мақсаты – индустриялық-иновациялық бағдарламаны енгізуге қауқары жетеді деп білемін. Егер осылай істемесек, бұл тәуелсіздігімізге үлкен сын болғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.