{metadescription}
0:000:00
Қызылорда: заң колледжінің директоры заңсыздыққа барды

Қызылорда: заң колледжінің директоры заңсыздыққа барды

Қызылорда қаласындағы заң колледжінің директоры заңсыздыққа барды. Бір жыл бұрын ашылған оқу ордасының ұстаздары бүгін арызданып, ғимарат алдына жиналды. Олар директордың сыртқа шығып, талап-тілектеріне құлақ асуын талап етті. Дегенмен бес сағат бойы басшымен қоса іште қамалып отырған студенттер шыдамай, білім ғимаратының есігін бұзып шықты.

Қызыл лентасы қоңыр күзде қиылған құқықтық колледждің басынан бақ тайды. Биылғы оқу маусымына 300-ден астам талапкерді қабылдаған алдыңғы қатарлы колледж директорының ұстаздарға айтар уәжі жоқ. Ал оқытушылар болса, жарты жылдан бері жарытып жалақы алмағандарын айтады. Жұмыстан шығу үшін арыз жазған ұстаздар енді құжаттарын қайтарып ала алмай әлек.

Жанат Тәкірова, әл-Фараби атындағы заң колледжінің оқытушысы:

- Күтіп жүрдік, әне берем, міне берем деген соң... Түнгі сағат 11-ге дейін күттік. «Құжаттарды әкеліңдер» деді.

Мұғалімдердің мұңына студенттердің ата-аналары да қосылды.

Табылды Мақұлбеков:

- «Оқып жатыр» дейді. Оқып жатқан шайтаны да жоқ. Екінші қабатында мүлдем оқымайды екен. Бірінші ққабатта төрт-ақ есік. Ай сайын 10 мыңнан төлеп тұрам.

Бес сағат бойы қара құлыптың ар жағында қамалып отырған колледж директорының одан әрі бұқпантайлауға шамасы жетпеді. Студенттер есікті бұзып шығысымен, ішке лап қойған заң қызметкерлері бес сағат бойы күткен сұрақтарына жауап ала бастады.

Айбек Нұрлыбекұлы, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі:

- Қызылорда қалалық прокуратурасымен аталмыш колледжде тексеру жүргізулуде. Оның ішінде лицензиялау туралы заңнамалар талаптары, сондай-ақ және еңбек...санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жөнінде.

Колледж директоры Аида Жанқарқызы тағылған айыптың барлығын теріске шығарып отыр. “Өйткені ұстаздар айлықтарын уақтылы алып тұрады. Барлығына кінәлі колледжді күнде тінтіп, берекесін алған заң орындары. Ал тексеруді ұйымдастырып жатқан Облыстық білім басқармасы”, - дейді ол.

Аида Жанқарақызы, колледж директоры:

- Телефоннан естідім, ол кісілердің не айтқанын, «бұл құрттай қыз шешесінің етегінен шыкпай жатып, қайда барады» деді. «Маған тиісем дей ме, мен бұл жерге финполды, ҰҚК, не прокуратураны жіберем, мен ол қызды соттатам, сендер ол жерден кетіңдер, бойкот болады» деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде