Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- Telegram
Шымкент: мүгедектерді заңсыз жұмысқа жекпек болған азаматша ұсталды
Шымкентте мүгедектерді заңсыз жұмысқа жекпек болған азаматша ұсталды. 48 жастағы қала тұрғыны мүгедектер үйінен үш адамды сатып алмақ болған. Олардың бағасын да белгілеп қойыпты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың әрқайсысы үшін 10 мың теңге ұсынған. Бұл әйелді тәртіп сақшылары бір жылдан бері аңдып келіпті.
Автор: Бекжігіт Мәуленов
29.12.2010
48 жастағы Нигара Асанова шымкенттік тәртіп сақшыларының назарына осыдан бір жыл бұрын ілігіпті. Көшеде қайыр сұраған мүгедектерді алып кетіп жүрген әйелді нақты дәлел болмағасын, полиция қызметкерлері ұстай алмаған. Ақыры қаладағы мүгедектер үйінен үш азаматты әрқайсысы 10 мың теңгеден сатып алмақ болған жерінде қолға түскен.
Нигара Әлиева, күдікті:
- Оларға жақсылық жасағым келді. Көшеде қалғандарға баспана бермек болдым. Денесінде жарақаты бар еді, соны емдеп, көмектескім келді.
Дәріпхан Қопабай - Нигара сатып алмақ болған азаматтың бірі. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ол Нигараның құлдығынан қашып шыққан екен. Айтуынша, Нигара мүмкіндігі шектеулі бірнеше азаматты үйінде ұстап, оларды көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлейді.
Дәріпхан Қопабай, 2-ші топтағы мүгедек:
- Ораза, Құрбан айт кездерінде жақсы, 10 мыңға дейін тауып тұрдық, бір адам, ең жоқ дегенде 3-4 мың теңге табасың, күнде.
- Соның бәрін алып қояды ғой ?
- Ия алып қояды. Маған темекі, анда-санда арақ алып беретін.
Қазір мүмкіндігі шектеулі жандарды заңсыз жұмысқа жеккен азаматша абақтыға жабылды. Тәртіп сақшылары қаладағы өзге де қайыршылардың күтушілерін тексеруді бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВРєРСвЂВВВВВВ
- Telegram