{metadescription}
0:000:00
2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуімен ерекшеленді

2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуімен ерекшеленді

2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуімен де ерекшеленді. Әсіресе қазақ топырағында Саммиттің өтуі - саяси салмағы бар елеулі оқиға болып есте қалмақ. 11 жылдан бері жиналмаған аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары алғаш рет Азия кеңістігінде бас қосты. Ұзақ уақыт бойы өзара бір мәмілеге келе алмай жүрген елдердің басшылары осы сәтті пайдаланып, пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік алды. Осылайша Елордамыз әлем тарихында өшпес ізін қалдырды. Астаналық тілшіміз Әлия Нұрлан биылғы жылдың ең жарқын көріністерін еске түсіріп көрді.

Бұл тарихта болмаған оқиға! Тұңғыш рет Азия елдерінің бірі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төраға болды. Ірі халықаралық ұйымды басқарған Қазақстан өзіне бүкіл әлемнің назарын аудартты.

Бір жылдың ішінде ЕҚЫҰ-ның жаңа жетекшісі көп істі тындыруға ұмтылды. Қиындықтар аз болған жоқ. Қордаланып қалған түйткілдер мен мемлекетаралық дауларға ққырғыз еліндегі қақтығыс та қосылды. Бауырластарға барынша ара ағайын болуға тырыстық. Саяси тұрақтылықты орнату жөніндегі қадамдармен қатар, жан-жақты қолдау жасалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті(16.04.2010):

- Қолымыздан келгенше ЕҚЫҰ мүшелерін, басқа мемлекеттерден қаражат жинап, көмектесуге атсалысамыз. Өз тарапымыздан да қырғыздарға көмектесетін боламыз.

Алайда Қазақстан алдында бұдан да ауыр міндет тұрған. Соңғы онжылдықта ЕҚЫҰ-ны дағдарыстан шығару ешкімнің қолынан келмеді. Ал еліміздің төрағалығы ұйым тіршілігін қайта жандандырды. Беделді саясаткерлердің бағасы осындай. Жыл аяғына таман Астанада өткен саммит те бұл еңбектің ақталғанын айқын көрсетті.

Саммиттің жыл оқиғасына айналғаны сөзсіз. Елорда тиянақты дайындалды. Тазаланды, көркейтілді, қауіп-қатер аласталды. Ірі жиын қарсаңында шұғыл қызметтер де, кәсіпкерлер де тыным таппады. Бірі жаттығуларын пысықтаса, өзгесі меймандарын күтті. Ал полиция қызметкерлері тілін бұрмалап болса да, ағылшын тілін меңгеріп жатты.

1 желтоқсанда Саммит жұмысын бастады. Қазақ жерінде 50-ден астам мемлекет өкілі жиналыпты. Өзекті мәселелер, қызу пікірсайыстар мен ұзақ келіссөздер. Саммит сипаты бірсарынды болмады. Әрине, екі күнде көптен бері қордаланған саяси текетірестің бәрін шешу мүмкін емес. Ең басты жетістік – қайшы пікірі бар тараптарды бір үстел басына отырғызып, ашық әңгімеге шақыру.

Сильвио Берлускони, Италия премьер-министрі:

- Келіспеушіліктерді қоя тұра, Ұйымның игілігі үшін барлық кедергілерден өту қажет. Сондықтан татулық пен толеранттылықтың ордасы болған әсем қала - Астанадан халыққа сенімге толы Үндеу тастауымыз керек.

Талай дау-дамайдан кейін Самиттің бас құжаты қабылданды. Енді Ұйымға мүше елдердің барлығы Астана декларациясына бағынатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз бүгін шын мәнінде тағдырлы шешімдер қабылдадық. Астана декларациясында ұйымның барлық өлшемдері бойынша қағидаттар мен міндеттерді орындау жөнінде берік шешімдерді бекіте түстік.

Қазақстан алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындап шықты. ЕҚЫҰ төрағасының жыл бойы атқарған жұмысы халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Көбі біздің елге өзгеше қарай бастады. Еңсеміз биікке көтерілгендей. Десек те болашаққа әрі қарай қадам басу керек. Жаңа жылда жаңа талаптар баршылық. Тың шыңдарды бағындыру біздің қолымыздан келер іс. Тек әр тараптың өз ісін адал атқарғаны абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде