Астана: көпқабатты үйдегі өрт үш адамның өмірін жалмады
Астанада көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тілсіз жау 3 адамның өмірін жалмады.
Автор: Ғабит Ұзақбай
30.12.2010
Жалын бірінші қабатта тұтанған. Төтенше жағдайлар қызметінің ақпаратына қарағанда, төменгі қабаттағы пәтер иелері қатты отынмен жанатын пеш салып алған екен. Қайғылы жағдайға аталмыш пеш себеп болуы мүмкін. Өйткені марқұмдардың үшеуі де түтінге уланып қалған. Араларында бір жастағы бала да бар. Ал қалған екеуі 23 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел. Қою түтін маңайдағы пәтерлерді де жайлаған. Абырой болғанда құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
Аягөз Фазылова, Астана қалалық өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы:
- Барлығы 30 адам шығарылды, бір бала құтқарылды. Бірінші пәтердегі екі айлық бала түтінмен уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!