{metadescription}
0:000:00
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Сәтпаев қаласының «Қазақмыс» хоккей клубы бүгін өз жұмысын тоқтататыны жайлы  хабарлады. Бұл шешім осыдан екі апта бұрын қабылданған, алайда басшылық бұқараға өз шешімін енді жариялап отыр.

 «Қазақмыс» Қазақстанның екі дүркін чемпионы, ел кубогының иегері,  оған қоса халықаралық ареналарда да танылып үлгерген  команданың хоккейшілері кезінде ұлттық құраманың негізін құраған. Оның сапында Андрей Тарасенко, Лев Крутохвостов, Илья Соларев, Вадим Краснослободцев, Евгений Фадеев және тағы басқа шеберлер өнер көрсеткен. Жергілікті халықтың көзайымына айналған  клубқа арналып үлкен спорт кешені де салынған болатын. Алайда енді Сәтпаев қаласының хоккей жанкүйерлері белгісіз себеппен бұл ойынды тамашалау мүмкіндігінен айырылды.

Былтыр   чемпиондық тұғырға Миланның “Интерін ” қондырған  Жозе Моуринью  биыл сол орынға Мадридтің “Реалын ” жетелеп келеді.  Өйткені Еуропа чемпиондар лигасының жеңімпазы алғашқы ширек финалда 2:5 есебімен гельзенкирхендік “Шалькеге” жол берсе,  король клубы өз алаңында “Тоттенхэмнің” қақпасына жауапсыз төрт доп соқты.

Бүкіл ойын барысында Англия премьер лигасының өкілі “Тоттенхэмнің” адымын аштырмаған “Реал” бүгін тамаша ойын көрсетті.  Оның үстіне  кездесудің 15-минутында  ойыннан қуылған  Крауч  жауапты матчта командалас  әріптестерін қиын жағдайға тап қылды.  Нер керек,  қос доптың авторы атанған Адебайор және Ди Мария мен Роналду соққан голдар алаң иелеріне ірі жеңіс сыйлады. Алғашқы бәсекені  нәтижелі жеңіспен аяқтаған   Жозе Моуриньюдің командасы 13-наурызға жоспарланған қарымта матчқа көтеріңкі  көңіл күймен аттанатыны анық.  Ал  чемпиондық дәурен құрып тұрған “Интерді ”  ширек финал аясындағы алғашқы кездесу есеңгіретіп тастады.  Миландық клуб өз алаңында 2:5 есебімен “Шалькеден” ойсырай ұтылды.  Бұл екі команда арасындағы қарымта бәсеке де келесі сәрсенбіде өтеді.

Бүгін Еуропа чемпиондар лигасының кезекті матчтары өтеді. Атақты «Камп Ноуда» өз тарихында алғаш рет Еуропадағы  беделді турнирдің  ширек финалынан орын тепкен  Донецкінің  «Шахтері» «Барселонамен» күш байқасады.

Биыл чемпиондық атаққа қалай да қол жеткізуді көздеп отырған каталондықтар аталмыш ойынға үлкен дайындық үстінде. Олар өз стадионында өткізген соңғы төрт матчтың бәрінде жеңіске жеткен. Ал азулы қарсыластан басым түскісі келетін  украиналық клубтың бас бапкері Мирча Луческу Испанияға 25 ойыншысын ертекелді.  Осы күні өтетін екінші матчта  Англияның қос жетекші клубы «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» өзара кездеседі. Алекс Фергюссонның шәкірттері ел премьер-лигасында көш бастап тұрса, ал «ақсүйектердің»  олардан 11 ұпайы кем.

Шайбалы хоккейден Ұлттық лиганың тұрақты чемпионаты біртіндеп  плей-офф кезеңіне жақындап келеді. 

Бүгінгі тур аясындағы матчтардың бірінде «Монреаль»өз алаңында   “Чикаго Блэкхоукспен” кездесті.  Алғашқы үзілістен кейін  Майкл Каммалери есеп ашқанымен, қонақтар тезарада есепті теңестіріп үлгерді.  Ойын сәтінде Брент Сибрук пен Трой Брауэр бастаған комбинацияны нәтижелі соққымен түйіндеген Патрик Кейн мергендік танытты.  Сылбыр өрбіген үшінші кезеңде  таблодағы есеп өзгеріске ұшырай қойған жоқ.  Есесіне овертаймды ширақ бастаған монреальдық хоккейшілер  көп ұзамай бүгінгі ойынға нүкте қойды. Шайба Пикей Суббанның еншісінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде