Жүз жасқа келген толған ардагер өз құпиясын ашты
Автор: Меруерт Бауыржанқызы
06.04.2011
Жүз жасқа келген толғанардагер. Жақында Алматы облысының тұрғыны Алексей Кодинцев бір ғасырлық мерейтойын атап өтті. Ұзақжасаған қарияның екі әйелі қайтыс болған. Қазір ол 75 жастағы үшінші жұбайымен тұрады.
Ардагер көбінесе үйіндеотырады. Соңғы кездері аяғы сырқаттанып, таза ауаға сирек шығатын болған. «Басқа он екі мүшем сау», -дейді қария. 100 жасында тіпті бетіне әжім түсе қоймаған қарт өзінің жас көрінуін дұрыс тамақтанудың арқасы деп біледі. Таңғы асқа ботқа, қалған мерзімде тауық етін жейтін ақсақал ұйқы алдында айран ішеді екен. Сондай-ақ ол өмір бойы жаман әдеттерден бойын аулақ ұстапты. Өзінің айтунша, көп жасау қанында бар. Мәселен, оның анасы 107 жылға дейін өмір сүрсе, ағасы 125-ке келіп қайтыс болған. Қазіргі жұбайы Рита Конаненкомен 15 жылдан бері бірге. Екеуі қарттар үйінде танысыпты.
Алексей Кодинцев, Ұлы Отан соғысының ардагері:
- Ең басты арманым – ауырмасам екен. Аяғым жазылып кетсе ғой, бұрынғыдай бүкіл қаланы сыпыртқымен қамтамасыз етер едім. Және үй қоянын ұстағым келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!