{metadescription}
0:000:00
Сара Назарбаева мерейтойына түскен бар сыйлықты балалардың игілігіне жұмсады

Сара Назарбаева мерейтойына түскен бар сыйлықты балалардың игілігіне жұмсады

Бөбектер үнемі “Бөбектің” қамқорлығында! «Бөбек» Қайырымдылық қорының басшысы Сара Назарбаева мерейтойына түскен сыйлықтарды түгелдей балалардың игілігіне жұмсады.

“Бір жетімнің басынан сипасаң, қырық періштесі күліп тұрады” деп, үнемі айтып жүретін қор төрайымының 70 жасқа толғаны белгілі. Елдегі жетім балалардың басты қамқоршысы өз туған күнін ерекше өткізбекке бекініпті. Соның шапағаты тиіп, биыл 4 мыңнан астам жетім студент арнайы шәкіртақы алмақ. Естеріңізге сала кетейік, 2002 жылы қолға алынған арнайы бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30 мыңға жуық студентке қор қазынасынан 113 миллион теңгеден астам қаржылық көмек көрсетіліпті. Биыл колледждер мен жоғарғы оқу орындарында ақылы бөлімде оқитын 64 баланың оқу ақысын “Бөбек” қоры өз мойнына алмақ. Сонымен қатар Қазақстанның әр облысына 4 гранттан бөлінбек.

Ақберен Елгезек, “Бөбек” Қайырымдылық қорының ресми өкілі:

- Ең алдымен алғашқы іріктеу турын Облыстық білім басқармалары өткізеді. Содан кейін біз шығармашылық байқау өткіземіз. Әркім өз саласына, шара  талантты жетім балаларға арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде