{metadescription}
0:000:00
Құтқарушы өрттен жеті адамның өмірін сақтап қалды

Құтқарушы өрттен жеті адамның өмірін сақтап қалды

Судан  құтқарушыға адамдарды өрттен құтқаруға тура келді. Көкшетауда жергілікті тұрғын 7 бірдей адамды өрттен аман алып шықты. Өмірін қатерге тігіп, екі бірдей отбасын ажалдан құтқарған Аян Кенжеғожин  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметінде істейді.

Өртте емес, суда адам өмірін құтқарумен айналысып келген азамат дәл сол сәтте үйде жеті адамның шырт ұйқыда жатқанын білмеген.Қазір төрт қабырғасы өрттен қаусап қалған үйде олардың «аман қалуы екіталай еді» дейді өртке куә болғандар.

Түн ортасында отқа оранған үйді  жолдасымен бірге қонақтан қайтып бара жатқан Аян Кенжеғожин кездейсоқ байқапты. Үй ішіне дереу кірген жігіттер 5 бала мен 2 ананы сыртқа алып шыққан. 

Сәния Мырзатаева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Екі жігіт жүгіріп келді. Күртелеріне балаларды орап алды, мен көрпені  алып соңынан шықтым. Оятпаса, бәрімізкүлге айналар едік.

Ыбырайым Амантаев:

-Өрт болғанда қатты қорықтым. Ағайлар бізді өрттен аман алып қалды. Алғысымды білдіремін!

Аян Кенжеғожин үш жылдан бері судан құтқару қызметінде жұмыс істеп келеді. «Құтқарушы екенім әбден санама сіңіп қалған шығар, әйтеуір өртті көргенде басқа ештеңе ойлаған жоқпын», - дейді.

Аян Кенжеғожин, құтқарушы:

- Әр адам солай істеуші еді. Қарап тұрмаймыз ғой, осы үйде адамдар тұрып жатыр. Біз болмасақ, бір құдай біледі,не болатынын.

Енді Облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылары Аянды марапаттау жөнінде ұсыныс білдірмекші.

Марат Бөрібаев, «Судан құтқару қызметі» ММ бастығының орынбасары:

- Департаментке ұсыныс жасаймыз,марапаттауға.Жеті адамның өмірін құтқару ешкімнің қолынан келе бермейді. Осындай ерлік ескерілу керек деп ойлаймын. 

Тілсіз жаудан аман қалған екі отбасы қазір баспанасыз қалды. Әкімдік тарапынан оларға қандай көмек көрсетілетіні белгісіз, әзірге олар жатақханадан бір бөлме жалдап тұрып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.