{metadescription}
0:000:00
Павлодарда екі мекеме басшысының арасында дау туды

Павлодарда екі мекеме басшысының арасында дау туды

Павлодарда екі мекеме басшысының арасында дау шықты. Жергілікті қоғамдық ұйымның жетекшісі Республикалық нашақорлықтан емдеу орталығының директорын «пара алды» деп айыптап отыр. Өз кезегінде мемлекеттік мекеме басшысы ешқандай пара алғаным жоқ, мұның бәрі «жала» деп, қарсы шағым жазыпты.

Қоғамдық ұйым басшысы Сергей Молчанов биылғы жылдың басында Еуроодақтың  грантын ұтып алып, 158 мың еуроның жобасын іске асыру үшін Республикалық нашақорлықтан емдеу   орталығының басшысы Нұрлан Ережеповке ұсыныс білдіріпті. Жобаға сәйкес, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері нашақорлармен тренинг өткізіп, олардың сауығып кетуіне үлесін қосуы тиіс. Алайда ол күтпеген кедергіге тап болған.

Сергей Молчанов, қоғамдық ұйым басшысы:

-Орталық басшысы маған талап қойды: «3мың еуро төлесең, мен келісімге қол қойып, волонтерлерің орталықта жұмыс істейтін болады, ал ақшаны бермесең, әңгіме осымен бітті» -деді.

Молчановтың сөзінше, ол бұл жөнінде кейін Қаржы полициясына шағымданып, олар орталық басшысын пара алып жатқан жерінде құрықтаған. Оның телефонға түсіріп алған бейнетүсіріліміндетергеушілер Нұрлан Ережеповке ұқсас адамның кабинетін тінтіп,  «пара»деп жазылған ақшаны тәркілеуде. Кейін тінту Орталық басшысының пәтерінде жалғасқан. Дегенмен   мемлекеттік мекеме директоры бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Нұрлан Ережепов, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Біріншіден - ол мені жеккөретіндігінен ғана жазып отыр,екіншіден- оның жұмысында көптеген кемшіліктер бар, соны бетіне басқаным үшін жала жауып отыр деп есептеймін. Мұндай ауыр фактілер,егер қылмыс фактілері дәлелденген болса, онда мен жұмыста отырмайтын едім.

Ең қызығы, оның ақша алғанын қаржы полициясындағылар растап отыр. Бірақ олар: «Үшмың еуро жобаға сәйкес,орталық басшысына айлық түрінде берілді», -дейді.

Арлан Андасов, Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығының орынбасары:

-Шынымен де ондай дерек орын алды. Бірақ Ережеповтың сөзінше, бұл ақшаны ол Молчановтан айлық ретінде алған. Қазір екі тараптың да уәждері тексерілуде.

Аталмыш жағдайдан қазір орталықтағы емделушілер жапа шегіп отыр. 28 жастағы Татьяна алты жылдай героинге тәуелді болған. Қазір ол сияқты жүздеген нашақор тиісті емнен қағылды. 

Татьяна, емделуші:

-  Орталық директорының сараңдығынан, жеке басының қамын ойлайтындықтан көптеген емделушілерге дәрі-дәрмек жетіспей жатады. Соңғы болған жағдайдан соң біз қосымша емнен қағылдық, сайып келгенде бұл ем-дом сапасының төмендеуіне алып келеді.

Енді Сергей Молчанов қолда дәйекті деректер бола тұра,Орталық директорына қатысты «қылмыстық іс қозғамады»деп, Қаржы полициясын сотқа бермекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.