{metadescription}
0:000:00
Шымкент: саябақта адасып жүрген баланың ата-анасы қайда?

Шымкент: саябақта адасып жүрген баланың ата-анасы қайда?

Анасын іздеген бала! Шымкенттің тәртіп сақшылары бірнеше күннен бері 2-3 жас шамасындағы ер баланың туыстарын таба алмай отыр. Өткен демалыс күндері қала орталығындағы саябақта адасып жүрген бүлдіршінді полиция қызметкерлері тауып алған. Қазір ол бейімдеу орталығына орналастырылды. Ондағылар сәбидің денсаулығы қалыпты дейді. Албаланың өзі жарытып ештеңе түсіндіре алмайды.

Сәбидің анасын іздегеніне бірнеше күн болды. Оны тәртіп сақшылары Шымкент орталығындағы Абай саябағында жалғыз жүрген жерінен тауып алған. Жалғыз қалған бала саябақта бірнеше сағат адасып жүріпті.

Әзірге аты-жөні белгісіз бүлдіршінді тәртіп сақшылары осы жерден тапқан. Олардың айтуынша, ата-анасы жоқ  сәби сақшылардың назарына түс ауа іліккен.  Саябақта кешкі сегізге дейін жалғыз жүрген балдырғанның қасына ешкім келмегендіктен,ол полиция бөліміне жеткізілген.

Алайда жоғалған бала туралы полицияға ешқандай арыз түспепті. Соған қарағанда ол тастанды болуы да мүмкін. Қазір бейімдеу орталығына орналастырылған бөбек ешкімді жатырқамай ойнап жүр.

Табылған кезде баланың аяғында екі есе үлкен аяқ киімі болған, ал киімдері жұпыны. Енді тілі шығып келе жатқан балдырған былдырлап сөйлегенімен, жарытып ештеңе айта алмайды.

Бақтияр Оспанов, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры:

-Тәрбиешілерді, ешқайсысын жатырқамады. Қайсысы жетектесе, сонысымен ойнап кете береді. Осы уақытқа дейін әке-шешесін сағынып, түнде оянып іздеген жоқ.

Соған қарап мамандар «тастанды бала болуы мүмкін» деген болжам жасап отыр. Дегенмен оның туыстарын іздеу шарасы облыс аумағында жүргізіліп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Егер баланың ата-анасы табылмаса, ол сот арқылы «тастанды»деп танылып,жетімдер үйіне өткізіледі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.