Атырау облысының Жылыой ауданында екі мұнайшы көз жұмды
Автор: Асқар Махмұтұлы
06.04.2011
Атырау облысының Жылыой ауданында белгісіз заттан уланып екі мұнайшы көз жұмды.
Қатты уланған ақтөбелік «Сан Дрилинг» мұнай компаниясының алты бұрғылаушысы әуелі аудандық ауруханаға жеткізілген. Әйткенмен дәрігерлер 26 және 24 жастағы екі азаматты ажалдан арашалап қала алмады. Қазір уланғандардың екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, ал қалған екеуінің жағдайы қалыпты көрінеді. Қазір Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Төтенше жағдайлар департаменті мен ішкі істер орындарының қызметкерлері жағдайдың себеп-салдарын анықтауда.
Сәлімғали Салықбаев, Атырау облыстық ТЖД төтенше жағдайларда әрекет ету басқармасының бастығы:
- Компанияның жоба жетекшісінің сөзіне қарағанда, оқиға болар күні бес-алты адам кен орнында, жұмыс басында ішімдік ішкен көрінеді. Содан жергілікті медициналық пунктіне қаралған. Алайда жағдайларының қиын болуына орай компанияның көлігімен аудан орталығы Құлсары қаласына жеткізілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!