{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе: 500 шаңырағы бар Лесхоздағы үйлерді су басып қалды

Ақтөбе: 500 шаңырағы бар Лесхоздағы үйлерді су басып қалды

Ақтөбе іргесіндегі Лесхоз ауылының тұрғындары өткен түнде қатты әбігерге түсті. 500 шаңырағы бар елдімекенге қырдағы еріген қардың суы ағып, бүкіл үйлерді су басып қалды. Апат орнына жеткен төтенше жағдай мамандары барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгергенімен, топан судың екпіні әлі тиылар емес. Қазір су арнасын өзенге бұру жұмыстары жүргізілуде.

Бір түн ішінде ауылды басқан топан су жергілікті тұрғындардың үрейін алды.  Кейбірі құжаттарын алып баспаналарын тастап үлгерсе, кейбірі су баскан үйлерінен  шыға алмай қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар түні бойы үйлерді аралап, жұртты қайықпен қауіпсіз жерге тасумен болды. Зардап шеккен тұрғындар қар суынан қауіп төніп тұрғанын шенеуніктерді бір апта бұрын  ескерткенекен.  

Балзия Досымова, Лесхоз ауылының тұрғыны:  

-Астыңғы қабаттарды су алып кетіп, ортасынан екі үй құлады. Ал менің үйім шет жақта. Су келіп тұр, қар үйіліп жатыр. Екі күн бойы телефон соқтым, қақсағаныма бір апта болды. Арғы-бергі бұрышынан су алуға көлік сұрағам, бермей жатыр. Міне, енді бәрін су алып кетті.   

 Жергілікті әкімдіктегілер елдімекенде тұратын бес жүзге тарта отбасын уақытша орналастыру үшін облыс орталығындағы мектеп бөлмелерін жарақтаған. Бірақ тұрғындар оған барудан бас тартты. Оған қоса ауылдан шығатын жалғыз жолдың өзі апат салдарынан жүруге жарамсыз болып қалды.

Облыс орталығы мен ауылды байланыстырып тұрған жолды еріген қар суы шайып кеткен. Құтқарушылар ол жерге түні бойы битон плитарлардан екі арадағы қатынасты жандандыру үшін уақытша шағын көпір салды. 

Құтқарушылар қазір қырдан аққан судың арнасын бұру жұмыстарын жүргізуде Әйтсе де тасқын тиылар емес. Ал үйлерін қорып қалған тұрғындар құдықтарын су шайып кеткендіктен, тіршілік нәрінен тарығып отыр.

Болатбай Дәулетбай, Лесхоз ауылының тұрғыны:  

-Ішетін су жоқ. Жаңа ғана басқалдақпен бір шелек суды даладан әкелдік. Скважинамызды су алып кетті, моторларымыз жанып кетті. Біреудің су етігін киіп, қонышымыздан су құйылып тұр. Тіпті дәретханаға баратын жер жоқ, енді суға отырмасақ...

Лесхоз ауылындағы бұндай жағдай былтыр да орын алған. Ол кезде шенеуніктер «су ағатын арықтар қазып, көпір құрылысын бастаймыз» деп айтқан болатын. Биыл да дәстүрлі уәделерінен танбады.

Асқар Ғабидуллин, Ақтөбе қалалық тұрғын үй және комуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы:

- Биыл жобаны өткізіп қойдық. Күн жылынғаннан соң жөндеуге кірісеміз. Сол кезде көпір жағдайын ойластырамыз, арықтар саламыз.

Коммуналдық мекеме мамандары ауылды басқан суды «екі-үш тәуліктің ішінде құрғатамыз» деп уәде берді. Ал тасқын салдарынан дүние-мүліктері бүлініп, баспаналары зардап шеккен жұрттың қамын әзірге кім ойлайтыны  белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.