{metadescription}
0:000:00
Президентті ұлықтау рәсімі қасиетті жұмада өтпек

Президентті ұлықтау рәсімі қасиетті жұмада өтпек

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде президент болып бекітілсін деген қаулы қабылдады. Енді Елбасы Қазақстан халқына ант беруі тиіс. Президентті ұлықтау рәсімі 8сәуірге, яғни алдағы жұмаға бекітілді. Қазір Елордада аталмыш шараға қызу дайындық жүргізілуде. Әсіресе президент кортежіне еріп жүретін жол полициясының ерекше батальоны мен “Ұлан” гвардиясы сарбаздарының дайындығын атап өтуге болады.

Ел сенімінен шыққан Елбасы, ел тізгінін қайта қолға алды. Орталық сайлау комиссиясы арнайы қаулы шығарып, Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылында ел басқару тізгінін Нұрсұлтан Назарбаевқа қайта тапсырды. Осыған орай алдағы жұмада ұлықтау рәсімі өтпек. 

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ант беру күні 2011 жылдың 8 сәуірі болып айқындалсын.

Бұған дейінгі ұлықтау рәсімі 2006 жылы 11 қаңтарда Ақордада өткен болатын. Сол кездегі салтанатты шараға бірнеше елдің басшылары және әлемдік дәрежедегі ірі саяси тұлғалардың қатысқаны белгілі. Ал бұл жолғы ұлықтау рәсімінің өтетін орнымен ол жерде болатын іс-шара ерекше болмақ.

Қазақ Елі монументі, Тәуелсіздік алаңы, Тәуелсіздік сарайы. Бұл орын өз тарихында ең мәртебелі шараны өткізудің алдында тұр. Кезекті мерзімгесайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақ қанатты,керегелі сарайда  халқына ант беріп, «Ұлан»сарбаздарынан мемлекеттік туды қабылдап алады. 

Қазір Тәуелсіздік алаңындағы дайындық сағат сайын қыза түсуде. Мұнда барлық әскери құрылымның әуе, теңіз және құрлық әскерлерінің жеке құрамдары салтанатты шарада өздеріне жүктелген міндеттермен танысуда. Сап түзеген зеңбіректер де тек бұйрықты күтіп тұр. Сонымен қоса құрмет қарауылы мен президент оркестрі де өз дайындықтарын пысықтау үстінде.

Бұл күндері Ақорданың да жұмысын қауырт деуге болады. Мұнда Мемлекеттік ту жаңартылып, құрмет қарауылы сап түзеп, тазалық және безендіру жұмыстары жүріп жатыр. Президент ұлықтау рәсіміне Ақордадан шығып, қала көшелерімен салтанатты кортежбен Тәуелсіздік сарайына барады. Қалған барлық шаралар: ант беру, төс белгімен Президент куәлігін және Мемлекеттік туды қабылдап алу қасиетті жұма күні аталмыш жерде өтпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.