{metadescription}
0:000:00
Талдықорған: ТЖД  мамандарын Сарқант, Алакөл аудандары алаңдатып отыр

Талдықорған: ТЖД мамандарын Сарқант, Алакөл аудандары алаңдатып отыр

Алматы облысындағы өзен-сулардың жағалауларын бекіту жұмыстары басталып кетті. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған қаласын кесіп ағатын Қаратал өзенінде бөгет орнатып жатыр. Жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында биыл 1 миллиардтай теңге бөлінген.  

Таудан бастау алып ағатын Қаратал өзені Талдықорғанның ішінде 15 шақырымға созылып, Балқашқа барып құяды. Көктемнің аяғында буырқанып ағып, тосын мінез көрсететін тентек судың ағысына тосқауыл қоймаса, одан келетін зардап та орасан болуы мүмкін.

Еркін Қиялбеков, Талдықорған қаласы бойынша ТЖБ бастығы:

- Өзеннің төменгі жағында орналасқан саябақта бірталай қаланың азаматтары тұрады. Сол саябақ қоғамдарына су тасқыны болмау үшін өзен жағалауын бекіту жұмыстары жүріп жатыр.  Талдықорған қаласының батыс аймағы жағында орналасқан ықшамаудандар да бар.  

Қаратал өзенінің жағалауын бекіту үшін осындай инертті тастар пайдаланады. «Олар таудан аққан судың жағаға шайылып кетпеуіне берік кедергі болады», дейді мамандар. Әдетте судың деңгейі мамыр айының аяғы мен маусым айының басында көтеріледі.

Бүгінде облыс бойынша өзен-көлдерде жалпы 30-дан астам бөгет тұрғызылыпты. Су тасқыны болуы ықтимал деген аумақты тікұшақпен қарап шыққан арнайы комиссия, таулы жерлерде қардың деңгейі әлі де жоғары екенін айтуда.

Сергей Салагаев, Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдыналуды ұйымдастыру басқармасының бастығы:

- Бүгінде бізді Сарқант, Алакөл аудандары алаңдатып отыр. Ол жақта қардың деңгейі әлі де тым жоғары.

Қазір Қаратал өзенінің түбі қоқыстан тазартылып, арнасы кеңейтілуде. Қаланы байланыстырып тұратын көпір де әбден тозғандықтан, оның астынан ағатын судың арнасы кішірейтілген. Жақын арада мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде