Ақтөбе қаласының орталығындағы дәмхана отқа оранды
Автор: Жаңалық Ахаш
11.04.2011
Ақтөбе қаласының орталығындағы дәмхана отқа оранды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Кешкі астарын ішіп жатқан меймандар мен ондағы қызметкерлер өрт тұтанған кезде далаға шығып үлгерген.
Өрт алдымен ас үйде тұтанып, кейін пластикалық қабырғалар арқылы қонақтар отырған бөлмеге жеткен. Меймандардың көпшілігі қою түтінді көргенде абдырап қалыпты. Қызыл жалынды ауыздықтауға қаладағы өрт сөндіру бөлімшесінің 10 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, от дәмханамен қатарлас тұрған сауда үйіне де жетіп, оның шатырын күл қылды. Қою қара түтіннің салдарынан орталық даңғыл үш сағатқа жабылып, тәртіп сақшылары оқиға орнын қоршауға алды. Қазір келтірілген шығын мен өрттің себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!