Астана: тегін билет алу үшін қариялардың аяғы сынып, қан қысымы көтерілді
Автор: Нұржан Сабырұлы
11.04.2011
Жол жүру билеті үшін жанталас! Бүгін қоғамдық көліктерде тегін билеттерді үлестіре бастаған Астана қалалық әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері күтпеген жағдайға тап келді. Алғашқы күні-ақ мұнда мыңдаған адам келіп, соның салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болған.
Ал таратылып жатқан билетпен бір жыл бойы тегін жүруге болады. Кезекте тұрған азаматтардың арасында соғыс ардагерлерінен бастап, мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге дейін бар. Жалпы, Астана бойынша жеңілдік билеттері 60 мыңнан аса адамға берілетін болса, солардың бүгін жартысына жуығы келгенге ұқсайды. Соның салдарынан қариялар ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Қарбаласта бір әжей аяғын сындырып алса, екінші бір қарттың қан қысымы көтіріліп кеткен. Алайда зейнеткерлер: «Ең қиыны кезекте тұру емес, баспалдақпен екінші қабатқа шығу болды», -дейді.
Тұрар Мұсахметов, зейнеткер:
- Бірінші топтағы мүгедекпін. Ауырлау, бірінші қабатта істеу керек еді. Бәрі екінші қабатта, жас емеспіз ғой, 70 жастағы қариялар.
Ләззат Әбуова, Астана қалалық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы директорының орынбасары:
- Бүкіл қала халқы жиналды. Бүгін бірінші күн болғасын шығар, осындай кемшіліктердің болғаны, бірінші қабатта істемегеніміз, бәрі қариялар көрмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!