{metadescription}
0:000:00
Алғашқы ауыс-түйіс еліміздің Сыртқы істер министрлігінен басталды

Алғашқы ауыс-түйіс еліміздің Сыртқы істер министрлігінен басталды

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкімет мүшелерін жасақтауға кірісті. Бүгін оның ұсынысымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше министрліктердің басшыларын тағайындады. Алғашқы ауыс-түйіс еліміздің Сыртқы істер министрлігінен басталды. Бұл саланы енді Ержан Қызыханов басқармақ.   

Ержан Қызыханов 1964 жылы туған. Сыртқы саясатта талай жылдан бері қызмет істеп келеді. Осы уақытқа дейін ол  Қазақстанның Австриядағы елшісі, Сыртқы істер вице-министрі, президенттің көмекшісі секілді лауазымды қызметтер атқарып үлгерді. Ал Сыртқы істері қызметін осыған дейін Қанат Саудабаев мемлекеттік хатшылықпен қоса атқарып келген болатын.

Туризм және спорт министрлігіне де жаңа басшы тағайындалды. Ол - Талғат Ермегияев.

Жаңа басшыны министрлік ұжымына Кәрім Мәсімовтың өзі таныстырды. Талғат Ермегияев 2008 жылдан бері аталмыш мекемеде вице-министр болып істеді. Оның еңбегі қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру кезінде жақсы бағаланды. Бұған дейін туризм және спорт министрі қызметін Темірхан Досмұхамбетов атқарды.

 Сондай-ақ, тағайындау бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде де болды. Ақылбек Күрішбаевтың орнын бұған дейін “ҚазАгро” Ұлттық холдингін басқарған Асылжан Мамытбеков ауыстырды. Ол да «ҚазАгро» Холдингінде үш жыл қатарынан басшылық жасады. Ал оған дейін премьер-министрдің кеңсесінде жетекші, Оңтүстік Қазақстан облысында әкім орынбасары секілді қызметтерде болған.

Алда басқа да тағайындаулар белгілі болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде