{metadescription}
0:000:00
Қаңтарда Приозерскіде орын алған төтенше оқиғаға  кінәлі  шенеунік анықталды

Қаңтарда Приозерскіде орын алған төтенше оқиғаға кінәлі шенеунік анықталды

Қаңтар айында Приозерск  қаласында орын алған төтенше оқиғаға  кінәлі  шенеунік анықталды.  Ол - қалалық әкімшіліктің жанындағы  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының директоры Усман Каланбоев болып шықты. Оған Қылмыстық кодекстің 315-інші бабы бойынша  іс қозғалып отыр. Егер айыбы дәлелденсе, тұтас қаланы қыстың көзі қырауда жылусыз қалдырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қызметіне салақтық танытқан шенеунік жылу электр станциясындағы ахуалды бетімен жіберген деп айыпталуда. Оны бақылау тікелей міндетіне кірсе де, жалғыз қазандықтың жұмысын уақтылы тексеріп отырмаған. Тергеу материалдарына қарағанда, апат болған кезде резервте тұруы тиіс қосымша  қазандықтың болмай шыққаны да анықталыпты. Ал жауапты тұлға  әбден тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыру жөнінде басшылықты бірде-бір рет ескертпеген. Соның салдарынан қаңтар айындағы  қақаған қыста 13 мың халқы бар қала мен әлеуметтік нысандар екі апта бойы    жылусыз қалған. Ал айыптылушылардың  қатары әлі де бірқатар лауазымды тұлғалармен  толығуы мүмкін. Бұлардың қатарында Приозерскінің бұрынғы әкімі де бар. Өйткені аталмыш дерек бойынша қозғалған  қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде