{metadescription}
0:000:00
Сириядағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр

Сириядағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр

Сириядағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Бүгін түнде Хомс қаласында елдің қарулы күштері наразылық шарасына шыққандарға қарсы оқ атып, көз жасаурататын газ қолданды. Осылайша ел билігі алаңға шыққандарды басуға тырысқан. Қақтығыскезінде оққа ұшқандардың нақты саны туралы мәлімет жоқ. Кейбір дерек бойынша, қаза тапқан және жараланған ереуілшілердің саны 30-дан асады.

Сирияның Хомс қаласы нағыз қанды қақтығыстың ортасына айналды. Осындағы Баб ас-Саа алаңына 20 мыңнан астам адам шығып, президент Башар Асадтың тақтан кетуін талап етуде. Мысырлықтардың жолын қуған сириялық жастар сол алаңда шатыр тігіп, елдегі билік ауыспайынша,бұл жерден кетпейтіндерін көрсетті. Олар мемлекет басшысының қала көшелерінде ілулі тұрған суреттерін біртіндеп өртеп жатыр.

Жексенбідегі ереуіл кезінде 25адам қаза тапты. Ал өткен түні елдің қарулы күштері мен билікке қарсы шыққандар арасында үлкен қақтығыс болды. Түнгі сағат екі жарымға дейін тараңдар деп ескерту жасаған әскерилер айтқан уақыттарынан бұрын оқ атып, көз жасаурататын газ қолдана бастады.

Халық арасындағы толқулар Сирияда наурыз айында басталған. Президент Асад демократиялық реформалар жасаймын деген уәдесін тағы орындамауы 50 жыл шыдамдылық танытқан халықтың көтеріліске шығуына себеп болды. Сирия президенті Башар Асад өз сөзінде«халықты көтеріліске шығуға сыртқы күштер итермелеп отыр» деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.