Алматыда “Дос Мұқасан” ансамблінің әншісі Бақытжан Жұмәділовты еске алу кеші өткізілді
Автор: Бекзат Жүсіп
21.04.2011
Әйгілі “Дос Мұқасан” ансамблінің әншісі Бақытжан Жұмәділовтың бақилық болғанына бір жыл. Осыған орай әріптес достары Алматыда еске алу кешін өткізді.
Белгілі эстрада-жұлдызы былтыр көктемде жол апатынан қайтыс болған еді. Ол “Дос Мұқасан” ансамблінің негізін қалаушылардың бірі. Осы ұжым құрамында 40 жылдан астам өнер көрсеткен. Дәуірінде тұтас Кеңес Одағын, әртісі Еуропа көрермендерін де өнерімен тәнті еткен ансамбльдің негізгі солисті болған. Әншінің әріптес достары еске алу кешін ұйымдастырып, Бахытжан Жұмәділовтың даусын сағынған көрерменге үлкен сый жасады.
Мұрат Құсайынов, ҚР еңбек сіңген қайраткері, “Дос Мұқасан” ансамблінің жетекшісі:
-Әрине біз оны қимаймыз. Қанша жыл Бақытжанмен дүние жүзін аралап, Еуропа, Америка, Азияның барлығын. Оның қазасы бізге ауыр тиді. Бұл концертті Бақытжанның рухына арнаймыз. Және Бақытжанды өле-өлгенше ұмытпай еске алып тұрамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!