Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көрші аудандардың тұрғындары көмек беріп жатыр
Автор: Асқар Махмұтұлы
25.04.2011
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көрші аудандардың тұрғындары көмек беріп жатыр. Бүгін Қаратөбе және Сырым аудандарының жұрты көрші Зеленов ауданының халқына қол ұшын созды.
Қалаулы Нұрсұлтанова, БҚО Белес ауылының тұрғыны:
-Бізге қой, ешкі малдарын әкеп түсіріп жатыр. Сол ел басына күн туғанда қол созар, қол ұшын берер азаматтарымыз болғанына бәріміз де қуаныштымыз.
Аталған ауданда 25 елді-мекенді су басып, тұрғындары баспанасыз қалғаны мәлім. Көпшілігі күн көріп отырған төрт тұяқтан да айырылған ауыл адамдары жұтап қалған еді. Бүгін көрші аудандардың тұрғындары Белес ауылының жұртшылығына 100 бас қойды қайтарымсыз көмек ретінде ұсынды. Қазір елді мекеннен су қайтқан. Кейбір үйлері аман қалған ауыл халқы біртіндеп жөндеу жұмыстарына кірісіп те кетті. Ал көмек қолын созғандарға олар дән риза.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!