{metadescription}
0:000:00
Астанада бір топ тұрғын үйлерінің қасынан монша салуға қарсылық білдіруде

Астанада бір топ тұрғын үйлерінің қасынан монша салуға қарсылық білдіруде

Астана қаласының «Силикатный» ауданында дау шықты. Осы ауданға қарасты бір ауланың тұрғындары, үйлерінің қасынан монша салуға түбегейлі қарсылық білдіруде. Өйткені монша сол ауладағы жалғыз ойын алаңқайына салынбақшы екен.  

Ақмарал Жүсіпова, Астана қаласының тұрғыны: 

-Біздің ауданға бала-бақша керек. Осы районда бала-бақша жоқ. Ал баня деген көп. Аржағында 10 метрден кейін тағы да баня тұр. Ал мыныны 2009 жылы Назарбаевтің қолдауымен бізге салып берген болатын. А так мына ауданда площадка вообще жоқ.

Осы ауладағы жалғыз ойын алаңқайы қазір бұзылған. Яғни монша құрылысының алғашқы жұмыстары басталып кеткен. Ал бұзып алынған шарбақтар қазір ештеңеге жарамсыз болып, мында жатыр. Жергілікті тұрғындар бізге қоғамдық моншаның еш қажеті жоқ, ол дәл қасымызда бар деп қанша қарсылық танытса да, жергілікті билік алған бетінен қайтпай отыр. Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері ойын алаңын сол маңнан қайта салып береміз деп уәде беруде. Олар тіпті монша салу мәселесін осыдан екі жыл бұрын тұрғындардың өздері көтерген болатын дейді.

Алмат Сүтеев, Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің бас инспекторы:

-2009 жылы аудан әкімінің есеп беруі кезінде тұрғындардан осы ауданға қоғамдық монша керек деген хат түскен болатын. Содан кейін қалалық әкімдікке хат жазып, мәселені қарап, бұл жерге қоғамдық монша салу туралы тапсырма алған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде