НАТО Каддафидің резиденциясына әуеден соққы берді
Автор: Ерланби Дәулетияр
25.04.2011
Каддафи сарайының күл-талқаны шықты! НАТО күштері Ливия басшысы Муаммар Каддафидің Триполидегі резиденциясын әуеден атқылады.
Осының салдарынан Резиденцияға жақын маңдағы тұрғын үйлерде де жарылыс орын алды. Бірақ НАТО-ның негізгі көздегені – Каддафидің орналасқан жері болған. Алайда әуеден соққы берілген кезде оның өзінің қайда болғаны белгісіз. Ал резиденциясы әп-сәтте мынадай күйге түсті. Билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан 45 адам жараланған. Олардың 15-і өте ауыр жағдайда. АҚШ, Франция және Ұлыбритания Каддафи биліктен бас тартқанша Ливияны атқылай береміз деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары