Астанадағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тұрғындар түтінге уланды
Автор: Нұржан Сабырұлы
25.04.2011
Астанада жаңадан салынған көп қабатты үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жолы да жалын электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. 12 қабатты үйдің бір кіреберісінде тұратын 40-қа тарта адамды сыртқа шығаруға тура келді. Олардың дені балалар.
Абырой болғанда, кіреберістегі кабель шахтасынан шыққан от пәтерлерге жетпей сөндірілген. Жалын сөнгенімен үй ішін түтін алып кеткендіктен тұрғындарды құтқару оңай болмады. Өрт сөндірушілер пәтерлерінде қалып қойған 5 адамды құтқарды. Оларды жедел жәрдем қызметі бірден «иіс тиген» деген диагнозбен ауруханға жеткізді. Мамандар көп қабатты үйлерде кабель шахталарындағы сымдардың тұйықталу деректері әлі азаймай отырғанын айтады. Бұған көбінесе сапасыз сымдардың пайдаланылуы себеп болуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!