{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысында кеншілер наразылыққа шықты

Ақтөбе облысында кеншілер наразылыққа шықты

Ақтөбе облысында кеншілер наразылық шарасына шықты. Дон тау-кен байыту кенішінің  жүздеген жұмысшысы күтпеген жерден қарсылық танытты. Олар өздеріне төленіп жатқан жалақы көлеміне қанағаттанбай отыр. Ал компания басшылары болса, ондағы жұмысшылар елдегі ең жоғары айлық алатын кеншілердің қатарында дейді.

Наразы жұмысшылар, тау-кен байыту комбинаты басшыларының әрекеті осындай қадамға амалсыз итермеледі дегенді айтады. Өйткені компания  олардың жер астындағы қара жұмысы үшін тым аз төлейтін көрінеді. Ал азын-аулақ тиын-тебен күн көруге мүлдем жетпейді.

Рамазан Есболғанов, жүргізуші:

-Өзіміз 35 мың аламыз айлык. Оның төрт жарымын жатақханаға төлеймін. 3 балам окып жатыр. Келіншек істеді, бәрібір айлықтан айлыққа жетпейді. Аванс беру керек еді, авансын тоқтатып, міне бүгін беріп жатыр. Айлығымызды уақытында бермейді.

Жұмысшылардың көпшілігі үйдегі бала-шағасын да жетектей келіпті. Наразы топтың  айтуынша, басшылар жалақыны жылда мардымсыз ғана өсіреді екен.

Темірхан Сәтмағамбетов, слесарь:

- Мына патшамыз да, құдаймыз да осы кісі. Ешқандай айлықты қосады деп айта алмаймын мен. Жылда қосатыны тиын, 10 пайыз, 20 пайыз. Ет түсімізге кіретін болды, тәтті түсімізге кіретін болды!

Әйтсе де кеншілердің дәл ортасында тұрған компания басшысы азар да безер болған жұмысшылардың айтқандарын елемеген кейіп танытты. Құдды мұндай наразылықты күнде көріп еті үйреніп кетткендей болған басшының тек тілшілердің аты-жөнін айтуын өтінген сауалы ғана сабырын қашырды. 

Дегенмен кеншілердің жауабына жете алмаған сан сауалы Киль мырзаны шындап састыра бастады. Жағдайдың ушығып бара жатққанын түсінген компания президенті жұмысшылардың ұсыныстарын қарастыратын болып уәде берді. Онда да бәріне бірдей емес.

Виктор Киль, Қазхромтрансұлттық компаниясыАҚ президенті:

-Кімнің жалақысын өсіруге болатынын отырып, келісіп, есептеп қараумыз керек. Жалақыны жайдан жай бере салмайды, ол үшін еңбек ету керек.

Басшының бас сипай қоймаған бұл жауабы кеншілердің көңілінен шыққан жоқ. Олар талаптары бұл жолы да орындалмаса, кеніштегі жұмысты мүлдем тоқтатпақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде