{metadescription}
0:000:00
Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде құрбыларының қорлығына шыдамаған бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болды

Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде құрбыларының қорлығына шыдамаған бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болды

Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде ақша бопсалаған құрбыларының қорлығына шыдамаған бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болды. Көп мөлшерде дәрі ішіп, тура дәріс кезінде есінен танып қалған 18 жастағы студент дәрігерлердің шұғыл көмегі арқасында ажалдан аман қалды. Қазір ол психологтардың бақылауында. Ал ақша бопсалаушы бойжеткендердің ісімен полиция айналысып жатыр.

Қарағандыдағы гуманитарлық-техникалық колледждің 1 курсында оқитын Айым бұл жағдайды қорыққанынан төрт ай бойы жасырып келіпті. Ақыры қорлыққа шыдамағансоң, өз-өзіне қол салмақ болған.

Айым Көшербай, жапа шегуші:

-Олар айтты если мы здесь стойм у тебя косяк деді. Сосын далаға шығамыз деді. Далаға шықтық та колледжің артына бардық. Содан  қолыңдағы алтынды шеші деді. Сосын Ақбота деген қыз айтты қазір ломбардқа салам деді.

Ақша бопсалаған студент-қыздардың  жасы он жеті  мен он сегіздің аралығында.

Айым Көшербай, жапа шегуші:

-Бар -  жоғы сегіз қыз болды. Егер осы жердегі болған затты айтсаң ата анаңа кураторыңа сені Қарағандының қай жерінен болсын тауып аламыз деді. Өзіміз бармасақ та басқаларын жіберіп, быт - шытыңды шығарымыз өлтіреміз деді. Қорыққанымнан ешкімге де айтқан жоқпын.

Бұл оқиғадан коледж басшылығы да хабардар. Олар аталмыш студенттерге қатаң шара қабылдадық деп ақталып отыр.

Вера Петрова, Қарағанды қаласындағы гуманитарлық - техникалық  колледждің  директоры:

-Шағым бойынша, өз ішімізде тексеріс жүргіздік. Кейін ақша бопсалаушы топты басқарған  бірінші курста білім алатын екі қызды бірден оқудан шығарып  жібердік.

Қазір бұл дерекпен полиция айналысып жатыр. Ал дизайнер мамандығы бойынша білім алып жатқан бойжеткен 1 курстың сынақтарын тапсырған соң, басқа оқу орнына ауысуды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде