Ақтөбе өз құрдасын пышақтап өлтірген колледж студенті сот үкімімен екі жылға үй қамауына алынды
Автор: Жаңалық Ахаш
25.04.2011
Адам өлтіргені үшін – 2 жыл үй қамауы! Ақтөбеде адам қолынан қаза болған жігіттің ата-анасы бүгін айыпталушыға осындай үкім шығарған қалалық соттың шешіміне наразылық білдірді.
16 жастағы Мейіржан Сүйінов былтыр күзде Ақтөбенің қақ ортасында ондаған адамның көзінше қансырап қаза болған. Оған төрт жерден пышақ сұғылған. Ең сұмдығы, қылмыскер марқұммен бірге бір колледжде оқыған құрдасы болып шықты. Айыпталушының сөзінше, қайғылы оқиға орын алған күні ол Мейіржанмен араздасып қалған. Сот процесі кезінде прокурор айыпталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыру жөнінде сұрағанымен, сот оның тек 2 жылға бас бостандығын шектеу жөн деп тауыпты. Мейіржанның ата-анасы енді бұл үкімді қайта қарау жөнінде шағым түсіріп, судьяның өзін жауапқа тарпақшы.
Аманбике Әуезбекова, М. Сүйіновтың анасы:
- Осы сотқа төрағалық жасаған Дәмеш Әбдәлі тек қана қылмыскердің және оның қорғаушысының сөзін сөйледі. Адам өлтірген адамды соттан босатып шығарды. Бұл жемкорлықтың айқын көрінісі деп білемін. Бұл үкім барлық кылмыскерлерге жол ашты деп ойлаймын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!