{metadescription}
0:000:00
СПОРТ

СПОРТ

Әлем чемпионы Галиб Джафаровтың қазақ боксындағы алар орны ерекше. Міне, осымен екінші мәрте оның туған жері Ақтөбеде Джафаровтың  жүлдесіне жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өз бастауын алды.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әлем чемпионы және Олимпиада қатысушысы Галиб Джафаровты туған жерінде ерекше мақтан  тұтады. Сол себепті де осы боксшының жүлдесіне жасөспірімдер арасындағы турнир биыл ерекше жоғары деңгейде өтуде. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей былғары қолғап шеберлері қатысуда. Бұл бәсеке жазда Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындық болмақ. Оған қоса бапкерлер осы жарыста өз шәкірттерінің шамасын байқайды. 

Галиб Джафаров, бокстан әлем чемпионы:

-Турнирдің деңгейі жоғары деп ойлаймын. Өйткені жарысқа құраманың 2, 3-нөмірлері қатысуда. Қонаққа келген шетелдік боксшылар да осал емес, сондықтан бәсекелестік жоғары.

Жарысқа құрама мұшелерінен бөлек, еліміздің әр облысының командалары қатысып отыр. Барлығы 115 қатысушы. Мамандардың айтуынша, балғын боксшылардың дайындығы жаман емес.

Елеусіз Дүйсеков, бас төреші:

-Балалардың дайындықтары өте жақсы деп ойлаймын. Жаңа құрама команданың балалары шықты. Жеңіске жетіп отырды.

Ал, қатысушылар үшін Ақтөбедегі турнир жақсы серпіліс, оған қоса маңызды жарыстардың алдындағы таптырмас тәжірибе.

Бекнұр Олжасов, Шығыс Қазақстан облысы боксшысы:

-Осыдан кейін Алматыда жатығу жиыны болады. 20 күн өтеді. Содан кейін Астанада әлем чемпионаты. Соған кірем деп ойлаймын.

Биылғы турнирдің жүлде қоры да өте жоғары. Отандық және көршілес елдердің бокс мектебі шәкірттерінің өнерін бокссүйер қауым әлі үш күн бойы тамашалайды.

Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Дүниежүзінің үздік спортшылары бас қосқан біріншілік шымылдығын жұптар арасындағы қысқа бағдарлама ашып берді. Қазіргі әлем чемпиондары қытайлық жұп – Пан Цин мен Тун Цзянь  өз нөмірлерін керемет жоғары деңгейде орындап шығып, өз атақтарын сақтап отыр.

Ал, әлемнің екі дүркін чемпиондары неміс жұбы – Алена Савченко мен Робин Шолковы 72.98 ұпаймен екінші сатыда. Төрешілер шешімі бойынша, үшінші орынға ресейлік Татьяна Волосожар мен Максим Траньков дуэті лайық болып шықса, қателікке бой алдырған олардың отандастары  Вера Базарова мен Юрий Ларионов 4-орынды місе тұтты. Ресей құрамасының тағы бір күшті жұбы  Юко Кавагати мен Александр Смирнов бесінші, ал жапон елінің мәнерлеп сырғанаушылары Наруми Такахаши мен Мервин Тран алтыншы нәтиже көрсетті. Қазақстан атынан бұл жарысқа тек Денис Тен ғана қатысуда. Ол бүгін  басталатын ерлер арасындағы еркін бағдарламада бағын сынайды.

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалында “Шалькенің” шамасы  “Манчестер Юнайтедке” жетпесе, Мадридте  жергілікті “Реал”  “Барселонаға” тісін батыра алмады. Матч алдында сөзге келісіп қалған  Хосеп Гвардьола мен Жозе Моуринью арасындағы “сөзсайсыс”, онсыз да күйіп-жанып тұрған  бәсекенің қызуын одан бетер көтеріп жіберді. 

Дегенмен “Сантьяго Бернабеудегі” ойын көз үйреніп қалған ескі сценарий бойынша өрбіді. Допты аяғынан шығармайтын каталондықтар ұзаққа созылатын позициялық комбинациямен ерекшеленсе, король клубы оқтын-оқтын қарсы шабуылдар ұйымдастырып  отырды.  Бірақ  жауапкершілікті жақсы сезінген футболшылардың  мейлінше сақ ойнауы, кездесудің көркін аша қоймады.  Көпке дейін  мін бермеген  алаңдағы  идеологиялық күрес ұзаққа бармады. Кездесудің 61-минутында жүйкесі сыр берген алаң иелері сапында ойын тәртібін бұзғаны үшін  Пепе алаңнан қуылып кете барды.  Міне, осы тұста нағыз спорттық мінез көрсеткен Барселона жеңісті жұлып кетті. Жеке басының шеберлігін танытқан Мессидің орындауындағы керемет қос гол бүкіл Каталонияны үлкен қуанышқа кенелтті.  

Кәрі құрлықтағы  футбол эстафетасы бүгін Еуропа лигасында бақ сынасып жатқан клубтардың қолына өтеді. Мәртебесі жағынан Еуропа чемпиондар лигасының алдына түсе алмайтын бұл дода да өзінің жартылай финалдық кезеңіне аяқ басты.

Жарыстың жартылай финалына шыққан үздік төрттіктің  үшеуі   Португалия футболының өкілдері.  Олардың екеуі “Бенфика” мен “Брага” өзара кездессе, Португалия чемпионы атанып үлгерген “Порту” бүгін өз алаңында  Испания примерасының өкілі “Вильярреалды” қабылдайды.  Бұдан шықты жарыстың  финалында Португалиялық клубтың ойнайтыны анық.  Лиссабондағы  “Да Луж” стадионында өтетін “Бенфика”  мен   “Брага” арасындағы матчқа Крэиг Томсон бастаған  шотландиялық әділ-қазылар алқасы төрешілік етсе, Портудағы бәскеге голландиялық арбитр Бьорн Куиперс тағайындалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде